Бүгін Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында Талғат Мұратовтың қала әкімі болып тағайындалғаны белгілі болды. Ол бұған дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарған.
2022 жылдың қазан айынан бастап Бесқарағай ауданын басқарған Талғат Мұратов бұл қызметте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан. Сол күні облыс әкімдігі Нұрбек Қошқарбаевтың Бесқарағай ауданының жаңа әкімі болып тағайындалғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 2022 жылдың 7 қазанында Семей қаласының әкімі болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалған болатын. Алайда алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның қызметтен кетуіне шырша безендірген мұғалімнің биіктен құлауына байланысты туындаған оқиға себеп болуы мүмкін.
Семей қаласының жаңа әкімі Талғат Мұратовқа аймақтың әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешу бойынша маңызды міндеттер жүктеліп отыр.