Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды arainfo.kz
ҰОК мәліметінше, оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмады. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты.
Екінші орынды өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов иеленді – 300 (136+164) келі. Ал үшінші орын Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды – 298 (127+171) келі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбылда 30 жыл тазартылмаған жер арықтары қайта жаңғыртылып жатыр
- авторAR-AY
- 9 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Жылдар бойы берілмеген мүгедектік: Жамбылда заңбұзушылық әшкереленді
- авторAR-AY
- 9 желтоқсан, 2025




