Елімізде 2023 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жүзеге асып келеді.
Бұл жобаның мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту болып табылады.
Өңірімізде осы жоба басталғаннан бері 70-тен астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 600-ден астам адам қатысты. Жобаның волонтері ретінде 147азамат тіркеліп, ватсап (whatsapp) желісінде арнайы жұмыс чаты құрылды. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 300-ден астам материал жарияланды. Қоғамдық бақылау аясында жатақхананың жай-күйі, құрылыс жұмыстарының сапасы және автомобиль жолдарын салу сапасы бойынша 40-тан астам қоғамдық мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жойылды. Сондай-ақ, волонтер-заңгерлер қала және аудан тұрғындарына тегін заңгерлік-консультациялық көмек көрсету бойынша 20-дан астам іс-шара өткізіп, оның барысында 1000 астам азаматқа консультациялық көмек көрсетілді. Сатып алу порталына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 267млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының базасында волонтерларға арналған оқыту-семинары ұйымдастырылып, оның барысында құрылыс, автомобиль жолдары, жер қатынастары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, аудит саласындағы уәкілетті органның өкілдері өз бағыттары бойынша презентациялар жасап, қоғамдық бақылау әдістерін үйретті.
Одан бөлек Тараз қаласы мен бірқатар аудандардатазалық пен адалдық құндылықтарын насихаттау мақсатында «Тазалық пен адалдық – адамдықтың қасиеті» акциясы ұйымдастырылды. Акциябарысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында спорттық, мәдени, үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылып, ауланы тазалау жұмыстары жүргізілді. Басты мақсат – қала тұрғындары арасында тазалық мәдениетін көтеру, қала тазалығын сақтауға шақыру, таратпа материалдарын үлестіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара нәтижесінде Департамент басшылығы жобаға белсенді қатысқан азаматтарға алғыс айтып, қала тазалығына үлес қосқан қала тұрғындары қала әкімдігінің алғыс хатымен және спорттық жарыстар жеңімпаздары спорт бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Аталған жоба аясында 10 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2000-нанастам облыс тұрғыны қатысты.
Сондай-ақ волонтерлік жобасы аясында бірқатар ұйымдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды. «Arman cinema» және «Premier Kazakhstan»кинотеатрларында арнайы бейнероликтер көрсетілімі; «Kaz production» кино орталығымен бірлесіп арнайы бейнефильмдер мен роликтерәзірлеу; «Әулиеата Транспасс» автобус паркіне тиесілі автобустарда арнайы жадынамалар орнату; «Фиркан сити» және «Нурислам» супермаркеттердегі тауар өнімдеріне стикерлер орнату; «Яндекс такси», Wolt және Glovo жеткізу қызметтерінің көліктеріне 1424 колл-орталығы туралы ақпарат орналастыру, және «Қазпошта» төлем түбіртектерінде стикерлер орнату сынды жұмыстар ұйымдастырылды. Тараздық антикор-волонтер, кинорежиссер Е.Жармұхамедтің бастауымен түсірілген «Тәрбие лагері» бейнефильмінің әзірленіп, аталған фильм ютуб арнасында 2 млн астам қаралым жинаған.
Сондай-ақ, Департаменттің бастамасымен «Адалдыққа бір қадам» атты акциясы бастау алды. Акция 7 ауданда (Жамбыл, Талас, Меркі, Сарысу, Шу, Мойынқұм, Жуалы) аудандарында өткізіліп, аудан, ауылдық округ, типті шалғай ауылдар тұрғындарының назарына «1424 call-орталығы» туралы хабарландыру, әдістемелік және заңгерлік көмек көрсету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Акцияны іске асыру үшін 15 тармақтан тұратын жоспар бекітіліп, жоспар аясында ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлер орнатылды, халық көп шоғырланатын орындарда іс-шараларұйымдастырылып, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама материалдары таратылды. Аудандық, ауылдық деңгейдегі ватсап чаттарға (ауыл тұрғындары, жастар, әлеуметтік осал топтар) бейнероликтер мен таратпа материалдары жолданды. Сондай-ақ, сауда орталықтары мен дүкендердің кіре берістеріне жадынамалар орналастырылды. Заңгер-волонтерлардың қатысуымен халық көп шоғырланған орындарда тұрғындарға заңнамалық кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, іс-шараға бюджеттік мекеме қызметшілері қатысып, өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ақпараттар жариялады. Аудандардағы бюджеттік мекемелердің кіре берістеріне және ғимарат ішіндегі көрнекі орындарда 1424 call-орталығы туралы жадынамаларорналастырылды. Халыққа қызмет көрсету орталығында лед экранда бейнеролик орналастырылып, «Қазпошта», «Қазақтелеком», Халыққа қызмет көрсету орталығында таратылатын түбіртектерге стикерлар жабыстырылды. Сәйкесінше 7 ауданда жүргізілген кешенді жұмыстар нәтижесінде 60 мыңнан астам тұрғынға ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ жоба аясында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық жиі кездеседі деп көрсеткен мекеме өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Жұмыстың нәтижесі және әлеуметтік сауалнама қорытындысы аудан әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырыстарында қаралып, нәтижелері бойынша департаментпен бірнеше хаттамалық тапсырмалар берілді.
Жоба аясындағы жұмыстар келесі жылы да жалғасын табатын болады.
Айбек Ажибаев,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы