Жаңалықтар
Мақұлбек Рысдаулеттің 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
- author AR-AY
- Бүгін, 16:00
- 42
Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақұлбек Рысдаулеттің 75 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Өрелі сөзді өрнектеген» атты дөңгелек үстел өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Қожамарова Назым Тоқтасынқызы қатысты.
Шара барысында қаламгердің «Бақатерек» атты брайль қарпіндегі кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар оқушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, жазушының шығармалары мен мақалаларымен танысуға мүмкіндік алды.
Келесі мақала