Жаңалықтар
Германияға тікелей рейс: 2025 жылы Қазақстанда жаңа әуе бағыттары ашылады
- author AR-AY
- 19 желтоқсан, 2024
- 525
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда,деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсті іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Қазіргі уақытта «Air Astana» Франкфуртқа Астана мен Орал қалаларынан тікелей рейстерді орындауда. Алматыдан жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Жолаушылардың жайлылығы үшін рейстер заманауи A321LR үлгісіндегі ұшақтарда орындалатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Аналар ғой тіршіліктің баяны!» атты әдеби-сазды баллада кеші өтті
- авторAR-AY
- 6 наурыз, 2026




