Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі

Мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі
Ашық Дереккөз
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғыртылып, елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған реформалар сәтімен жүзеге асырылды. Тарқата айтсақ, аймақтық және жергілікті басқару жүйесіндегі өзгерістер мен қазіргі даму үрдісі, азаматтық қоғам институтының рөлі нақты реттелді.

Жалпы біздің азаматтық қоғамымыздың дамуы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру деңгейінің жоғарылауымен тікелей байланысты. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 17 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.

Мемлекеттік қызметтің сапалық құрамын одан әрі жаңарту мемлекеттік қызметтің гибридті моделіне көшу арқылы жүзеге асырылады. Ол мансаптық және позициялық модельдердің ең жақсы ерекшеліктерін біріктіретін, бәсекелестік тәсіл мен мамандардың бірегей кәсіби тәжірибесін, сондай-ақ әлеуетін ескере отырып, оларды тікелей іздеу арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін болады.

Әлемнің жетекші елдерінің басқару практикасында қалыптасқан заманауи трендтерге сүйене отырып, мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін құруға басымдық берілді. Тұжырымдамада әкімшілік рәсімдерді түбегейлі өзгерту, цифрландыру, мемлекеттік басқарудағы командалық-әкімшілік тәсілдерден бас тарту процестері егжей-тегжейлі көрсетілген. Негізінде қазірдің өзінде тәжірибеде жеке сектордан кандидаттар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығы қамтамасыз етілуде, қызметшілердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі және келісімшарттық қызметшілер институты енгізілді, Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу жүргізілді.

Мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мәселелерінің кең ауқымын қамти отырып, қазіргі уақытта іске асыру сатысында тұр. Бұл құжатта мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың күн тәртібі тұжырымдалған. Атап айтқанда, проактивті, түпкілікті нәтижеге бағдарланған, бюрократиядан арылған мінез-құлық үлгісінде көрініс тапқан мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру көзделген. Мемлекеттік қызметтің гибридті моделін – мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған құралдар мен тәсілдердің прагматикалық үйлесімін пайдалана отырып, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру қарастырылған. Сондай-ақ тұжырымдама мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетуге, бюрократияны қысқартуға және кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталған инновацияларды енгізуді көздейді.

Тағы бір айта кетерлігі, жеке сектордан кандидаттар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа біліктілік талаптары қабылданды. Қызметшілердің қызметін бағалаудың жаңа жүйесі және келісімшарттық қызметшілер институты енгізілді. Тұжырымдама мемлекеттік қызметтің дарынды адамдар үшін тартымды болуына, патриотизмнің жоғары стандарттары мен ұлттың (қоғамның) мүддесіне адал қызмет ететін кадрларды тұрақтандыруды, кәсібилендіруді қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтің ағымдағы жүйесін институционалдық қайта қарауға бағытталған.

Соңғы рет мұндай құжат – Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы 2011 жылы қабылданды. Алайда ол бүгінгі күні өз өзектілігін жойды. Осы тұжырымдама аясында «А» басқарушы корпусы қалыптастырылды. Конкурстарға байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы бекітілді, мемлекеттік қызметшілерді міндетті бағалау енгізілді, мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды.

Тұжырымдаманың жаңа нұсқасы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мәселелерін қозғайтын мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Олардың кейбіреулері, жоғарыда  атап өткенімдей, бүгінгі күнде іске асырылуда. Бұл ретте мемлекеттік қызметтің қолданыстағы мансаптық моделі мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тек жоғары қарай өсуі тиіс деп көздегенін мойындауымыз керек. Осылайша бірте-бірте қызметкерлердің әкімшілік корпусының барлық жоғары лауазымдарын «ескі» (ұзақмерзімді) қызметкерлер басқарды, ал жүйенің төменгі, орта буындарында бәсекелестік қажет емес жоғарыда аталған қызметкерлердің жалақысы, ауыр жүктемелері мен қысымы салдарынан жұмыстан кету және жоғары ауысымдылық орын алады. Көптеген қызметкер ішкі конкурстар арқылы бос жұмыс орындарын іздеу үшін басқа мемлекеттік органдарға ауыса бастады. Және бұл жағдайды түсінуге болады.  Сондықтан тұжырымдамада мемлекеттік қызметшілердің құзыреті, оқуы мен тағылымдамасы үшін төлемнің өсуі, қызметшінің тиімділігін бағалау нәтижелері, ғылыми дәрежесінің болуы және тағы басқа фактісі бойынша көлденең өсуі көзделген.

Тұтастай алғанда, тұжырымдаманың бағдарламалық құжаттарын іске асырудан бірқатар нәтиже күтілуде. Мысалы, мемлекеттік қызметшілердің жұмысына халықтың қанағаттанушылығын арттыру, мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жеке сектор өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту мүмкіндіктерін кеңейту ескерілген. Мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру, деңгейлес мансаптық ілгерілеуді енгізу есебінен мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жаңа білім мен дағдыларды алуға қызығушылығын арттыру қамтылған. Материалдық емес аспектілерді қоса алғанда, әлеуметтік пакетке, мотивациялық жүйеге қанағаттанушылықты арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу қарастырылған.

Осылайша мемлекетіміз тәуелсіздігін алған және мемлекеттік басқару моделін дербес дамытқан сәттен бастап салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде отандық мемлекеттік қызметтің қолданыстағы моделі адами фактордың маңыздылығына бағдарланбақ. Бұл бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымы ретінде жаңғыртып, мемлекеттік қызметтің халыққа бағдарлануына, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта икемді дағдыларды дамытуға ықпал ететін болады.

 

Руслан ШАРИПОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі облыс бойынша
департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар