Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

170 отбасы баспаналы болады

170 отбасы баспаналы болады
Ашық Дереккөз
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Сарысу ауданының әкімі Cәкен Мамытовтың қатысуымен брифинг өтті.

Сәкен Үмбетұлының айтуынша, қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң нәтижелерге қол жеткізілген. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсіп саласында 71,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 92,1 пайызға орындалыпты. Ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 22,5 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ негізгі капиталға 31 миллиард 715 миллион теңге инвестиция салынған.

Қазіргі таңда Жаңатас қаласында тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж азаматтар есебінде 1 721 тұрғын тіркелген. Пәтер кезегінде тұрған азаматтарға 268 пәтерді сатып алып беру үшін 3,2 миллиард теңге бөлініпті. Жыл басынан бері тұрғындарға 98 пәтер берілсе, жыл соңына дейін тағы 170 отбасы баспаналы болады.

– Бүгінгі күні 14 елді мекендегі 39 582 тұрғынды табиғи газбен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба бойынша 13 елді мекенге сыртқы және ішкі құбырлары тартылды. Үкімет тарапынан қосымша 9,2 миллиард теңге бөлінсе, алдағы жылдары тұрғындар игілігіне газ беріліп, газбен қамту деңгейі елді мекен саны бойынша 76 пайызға, ал халық санымен 94 пайызға дейін жетеді. Елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында да біршама жұмыстар атқарылуда. Жалпы ауданда 25 елді мекен бар. Оның ішінде бүгінгі күнге 23 елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік бағдарламалар кесіндісінде 50/50 паритетімен елді мекендерге кіреберіс 2 жол жөндеуден өткізілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Тоғызкент ауылының Т.Әубәкіров және Есмырза көшелері орта жөндеуден өтті. Сонымен қатар 2019 жылы бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінгі күнде өз нәтижесін беруде. Алты ауылдық округте жобаны іске асыруға 5 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, 17 569 тұрғын, яғни 2 800 аула қамтылды. Іске асырылған жобалардың нәтижесінде тұрғындар табысы артып, өндірістің, салық көлемінің ұлғаюына оң әсерін тигізді. Сондай-ақ 6 ауылдық округте 697 жаңа кәсіпкер тіркеліп, 712 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді Сәкен Үмбетұлы.

Бүгінгі күнге ауданда 1 137 жұмыссыз азамат есепте тұр екен. Жұмыссыздар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,2 пайызға төмендеген.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар