Іс-шараның ашылу салтанатында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков құттықтау сөз сөйлеп, таластықтар атынан ақынға сый-сияпат жасады.
Ақынның жаңа кітабының тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Медет Үрістенов те қатысты. Сондай ақ ақынның қуанышын бөлісуге аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, кеш қонағының анасы Гүлнар Әбдіғалиқызы, ақынның інісі, әнші Ақтөре Асқар, ақынның мектепте білім берген ұстазы Батылхан Ақпанбетов және ауылда бірге өскен сыныптастары Самат Ақпанбетов, Ернұр Құлынтаев, Нариман Солағаев сынды бірнеше құрдасы жиналды.
Кеш шымылдығы ақынның сөзіне жазылған «Әпке» әнімен түрілді, Үшарал, Бөлтірік шешен ауылынан келген жас оқырмандар бен кітапханашылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшіліктің көзайымына айналды.
Іс-шара барысында ақын туралы анасы балалық шағының естеліктерімен бөліссе, ұстазы мектеп қабырғасындағы ақындық қабілеті туралы ой қозғады. Сонымен қатар сыныптас құрдастары мектеп қабырғасында жүрген күндерден сыр шертіп, арнайы құттықтау хаты мен сый-сияпаттарын тапсырды.
Айжан ӨЗБЕКОВА