Жоспарда мыналар көзделеді:
- адамдарды құтқару жөніндегі іс шаралар;
- авариялардың пайда болуының бастапқы сатысында оларды жою жөніндегі іс-шаралар;
- авария туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы;
- авариялық-құтқару қызметінің іс-қимылы;
- аварияға қарсы жаттығулар мен оқу дабылдарын өткізу кестелері;
- авария болған жағдайда құлақтандырылатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі;
- қауіпті өндірістік объектінің схемасы көрсетіледі.
Жоспар авариялық-құтқару қызметімен келісіледі және қауіпті өндірістік объектіде жұмыстар басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын ұйым басшысы бекітеді. Авариялық-құтқару қызметі ұсынылған жоспарды алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
Жоспар Заңның 80-бабына сәйкес келмеген жағдайда авариялық құтқару қызметі осы нұсқаулықтың 5-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және пайдаланатын ұйымның басшылығына жоспармен келіспейтіндігін негіздейтін бас тарту себептері көрсетілген дәлелді құжатты жазбаша нысанда жібереді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым жоспарды авариялық-құтқару қызметіне келісуге қайта ұсынады.
Жоспар қауіпті өндірістік объектінің жалпыға қолжетімді орнында орналастырылады.
Ал аварияға қарсы жаттығулар пайдалану құжаттамаларының және жөндеу-пайдалану паспорттары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нұсқаулықтардың талаптарын қолдана отырып, персоналдың практикалық дағдылары мен технологиялық бұзушылықтар туындаған кезде өз бетінше тез және техникалық сауатты әрекет ету қабілетін алу мақсатында жүргізіледі.
Персоналдың өз бетінше және ұжымдық іс-қимылдар негізінде авария мен оқыс оқиға кезінде қауіпті өндірістік факторлардың дамуын жою және алдын алу қабілетін тексеру мақсатында оқытудың және персоналмен жұмыс істеудің міндетті нысаны ретінде аварияға қарсы жаттығуға қатысу болып табылады.
Аварияға қарсы жаттығу жоспардың әрбір позициясы бойынша объектінің қызметкерлерімен және персоналымен жүргізіледі. Аварияға қарсы жаттығулар объектідегі жұмыс режимін бұзбай жүргізіледі.
Жаттығуларды өткізу келесі міндеттерді шешуді қарастырады:
- персоналдың технологиялық бұзушылық туралы ақпаратты дұрыс қабылдау және талдау қабілетін тексеру, осы ақпарат негізінде оны белгілі бір іс-әрекет немесе нақты өкімдерді қайтару арқылы жою жөнінде оңтайлы шешім қабылдау;
- кез келген жағдайда және барынша қысқа уақытта жедел шешімдер қабылдаудың нақты дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- қауіпті өндірістік объектілер персоналының кәсіптік даярлық деңгейін және жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлеу.
Жаттығуды өткізудің мақсаты – объектінің авариялар мен инциденттерді жоюға дайындығын, персоналдың жою кезіндегі өз іс қимылдарын білуін тексеру.
Аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен рәсімделеді, онда аварияға қарсы жаттығудың барысы бойынша ескертулерді жою жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар көрсетіледі. Аварияға қарсы жаттығуды талдау нәтижелері бойынша объектідегі жоспарда анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
Жоспардың тиімділігін тексеру мақсатында әрбір объектіде жылына кемінде бір рет объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесін шақыра отырып, оқу дабылы жүргізіледі.
Оқу дабылын жүргізу объектіде жүргізілетін жұмыстардың, авариялар туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етудің бұзылуын тудырмайды.
Оқу дабылын өткізу міндеттері:
- объектінің, персоналдың адамдарды құтқаруға және аварияны жоюға дайындығын тексеру;
- жоспардың объектідегі нақты жағдайға сәйкестігін тексеру;
- объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерін тексеру.
Оқу дабылын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
Жүргізілген оқу дабылы туралы акт ұйым басшысына, тексерілетін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің командиріне тапсырылады және оған бағалауды көрсете отырып және жүргізілген оқу дабылы бойынша ұсыныстар енгізе отырып, оқу дабылын жүргізуге қатысқан уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі қол қояды. Оқу дабылын өткізу нәтижелері объектіде жұмыс істейтін ұжымдардың жиналыстарында талқыланады.
Малика АЙДАРОВА,
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитеті облыс бойынша
департаментінің тау-кен
өнеркәсібіндегі мемлекеттік
бақылау және қадағалау
бөлімінің басшысы