Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өрт қауіпсіздігіне бейжай қарамайық

Өрт қауіпсіздігіне бейжай қарамайық
Ашық Дереккөз
Өткен аптада облысымызда бірнеше өрт оқиғасы тіркеліп, өртсөндіруші-құтқарушылар өз міндеттерін адал атқара білді. Мәселен, 7 қараша күні сағат 21:41-де Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылының тұсындағы Алматы-Ташкент тасжолының бойында «Қорғас» кедендік бекетінен Ташкент қаласына жолға шыққан «MAN» жүк көлігі тіркемесімен бірге өртке оранған. Жүк көлігінің тіркемесінде 8 жаңа автокөлік болған. Оқиға орнына Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің 1 өртсөндірушісі жедел жетіп, қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстарын атқарған.

Кейіннен қосымша күштер мен құралдар көмекке келген. Алайда екпінді желдің әсерінен өртті жою айтарлықтай қиындық туғызды. Дегенмен жауынгерлік қанат жаю тәсілдерін дұрыс әрі сауатты жүргізген өртсөндіруші-құтқарушылар өртті сағат 22:07-де ауыздықтап, сағат 22:11-де толық өшірген. Нәтижесінде аталған жүк көлігіне тиелген 4 жеңіл автокөліктің өртенуіне жол берілмеді. Ал қалған 4 көлік өрт салдарынан зақымдалған. Өрттен зардап шеккен адамдар жоқ. Қызыл жалынның шығу себебі және шығыны анықталуда. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі автокөлік иелері мен жолаушыларға өрт оқиғаларына жол бермей, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды қатаң ескертеді. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет. 

Сондай-ақ 8 қараша күні сағат 16:12-де Тараз қаласы, Абай көшесі, 132 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің балконында өрт оқиғасы орын алды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері шықты. Құтқарушылар келген кезде өрттің үйдің шатырына таралу қаупі анықталды. Өртсөндіруші құтқарушылардың жедел және кәсіби жұмысының арқасында өрт сағат 16:40-та ауыздықталып, 16:53-те толығымен жойылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Пәтер тұрғындары қауіпсіз жерге жеткізілді.

Нұрболат ӨМІРЗАҚОВ,

облыстық төтенше

жағдайлар департаменті

өрт сөндіру қызметінің

баспасөз хатшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар