Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әскер жастарды шыңдайды

Әскер жастарды шыңдайды
Ашық Дереккөз
Еліміздегі әрбір кәмелеттік жасқа толған азаматтың Отан алдындағы парызын өтеуі міндетті. Ер-азамат қалай дегенде де елдің қорғаны, айбыны мен беткеұстары. Ал әскери борышын өтеу – жас азаматты батылдыққа, қайтпас қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелейді. Физикалық және рухани жағынан да шынықтырып, ширатып шығарады.

Өткен аптаның сәрсенбісінде Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында күзгі әскерге шақыру науқанының орындалуын талқылау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Маңызды жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай жетекшілік етіп, ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Ерниязов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Нұрбол Зейнелов, қорғаныс істері жөніндегі басқарма және бөлім өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, округ әкімдері, этномәдени бірлестік төрағалары, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен жастар ұйымдары қатысты.

Жиын барысында комиссия төрайымы Дамира Маратқызы 2024 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны барысына шолу жасап, орын алған кемшіліктерге тоқталды. Алдағы уақытта жалғасатын күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде кемшілік жібермеу мәселелері қаралды.

Ал облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Нұрбол Қуантқанұлы жиынға қатысқан тиісті басшыларға жіберілген кемшіліктерді қайта болдырмаудың жолын қарастырып, күзгі әскери қызметке шақыру кезінде сапалы жұмыс істеуге шақырды.

Комиссия отырысында аудандық бөлімдердің де жұмыстары сараланды. Сонымен қатар Сортөбе ауылдық округінің әкімі Р.Фушанло, Масаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Ғ.Қарасартов, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Әбенов, Степной ауылдық округінің әкімі А.Кенжебаев, жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Е.Бекқұлов, ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қарабаев, дүнген этномәдени бірлестігінің жетекшісі В.Воинце, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі К.Дургалова, жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары А.Исраилова тақырып аясында баяндама жасады.

Отанымыздың тірегі – Қарулы Күштер екендігі даусыз. Оның дамуына тек әскерилер ғана емес, Ата Заңда атап көрсетілгендей, еліміздің әрбір азаматы жауапты. Ел егемендігін қорғау, оның сенімді сақшысы болу: «Мен қазақпын! Мен қазақстандықпын!» деген әрбір азаматтың сенімі мен адалдығына сын екендігі сөзсіз. Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін азаматпын деп санайтын, кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы екенін ұмытпаған жөн.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар