Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты
- author AR-AY
- 7 қараша, 2024
- 50
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты, деп хабарлайды arainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлықтары бойынша, Сәбила Мұстафина, Константин Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Келесі мақала
Әділет министрлігі жалған хабарламалар туралы ескертеді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету басты назарда
- авторAR-AY
- 19 қараша, 2024