Сіздерге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне кіріп жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпаратты рас немесе жалғандығын тексеруді сұрайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін сіз мына сілтемелерге өту арқылы тексеруге болады.
Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.
Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172) 58-00-58 нөмірі бойынша хабарласуға болады», – деді ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, Әділет министрлігі өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында алаяқтардан сақ болып, осындай хабарламалардың дұрыстығын қалай тексеруге болатынын түсіндірді.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету басты назарда
- авторAR-AY
- 19 қараша, 2024