Республикада күннің бұзылуына байланысты 5 өңірде жолдар жабылған болатын. Таң ата екі өңірдегі жолдар ашылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді
Олар:
- Жамбыл облысы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымы аралығы (Айша бибі ауылы - Түркістан облысының шекарасы);
- Түркістан облысы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырымы аралығы (Жамбыл облысының шекарасы - Тұрар Рысқұлов ауылының шекарасы).
Ал Ақмола облысында керісінше қозғалыс шектелді.
«2024 жылғы 7 қарашада сағат 01:30-да Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шидерті» автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда»,-делінген хабарламада.
.