Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрғындар тұрмысы жақсаруда

Тұрғындар тұрмысы жақсаруда
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бақыт Сахатовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Қордай ауданында 9 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласындағы табыс 15,9 миллиард теңгені құрап, нақты индекс көлемі 101 пайызға орындалыпты. Инвестиция көлемі 40,4 миллиард теңгені құраса, индекс көлемі 112,9 пайызға жеткен. Сол секілді құрылыс саласында меже 185,3 пайызға, ауылшаруашылығында – 103,3, бөлшек саудада 107,4 пайызға орындалған.

Қаңтар-қазан айларының қорытындысымен кірістер 15 миллиард 567 миллион теңгені құрап, нәтиже 96,6 пайызды көрсеткен.

– Аудандағы 41 елді мекеннің 36-сы газбен қамтылған. Қазіргі таңда Керу ауылында газ құбырының құрылысы аяқталуда. Ал Бел, Мұзбел, Аңырақай, Бәйтерек ауылдарының ауылішілік газ құбыры құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады. Гвардейск қалашығының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 6 жоба қолға алынды. 6 жобаның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін мемлекет тарапынан 242,6 миллион теңге бөлінді. Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі тарапынан 5,5 миллиард теңгеге 6 ауызсу желісінің құрылысы аяқталды. Бүгінде тағы 6 елді мекенде су құбырының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар 12 елді мекенді таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін 179,6 миллион теңгеге жобалаушы мекемелермен келісімшарттар жасалды.  Жер мәселесіне келетін болсақ, 2023 жылы 15 000 гектар игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар жасалып, нәтижесінде 15 064 гектар жер мемлекеттік жер қорына қайтарылды. 2024 жылға облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы тарапынан аудан бойынша индикатор бекітілген. Қазіргі күнге 3 238 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар пайдаланбай жатқан 12 000 гектар жерге шара қолдану үшін жер испекциясына хат жолданды, – дейді Бақыт Оңласынұлы.

Қордай ауданы бойынша 26 269 аула тіркелген екен. Экономикалық белсенді 73 923 тұрғынның 70 588-і жұмыспен қамтылыпты. Атап айтқанда, жалдамалы қызметкерлер саны – 34 529, ал 36 059 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатында. Осы жылдың ІІІ тоқсанына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4 964 адам тартылса, 4 184 азамат жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 2 667-сі тұрақты жұмыс тапқан.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар