Жамбыл облысының прокуратурасы алиментті өндіру бойынша талаптарды күшейтті
- author AR-AY
- 1 қараша, 2024
- 102
Осыған байланысты борышкерлерді қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту түріндегі жазалардың бұлтартпастығы талаптарын күшейту шаралары қолдау тапты.
Мысалы, прокурорлардың араласуынан кейін алимент өндіру туралы сот актілерін орындамағаны үшін 73 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 8 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұл 15 млн теңгеге жуық алимент берешегін борышкерлерден өндіруге мүмкіндік берді.
Осы шаралардың тиімділігін ескеріп, облыс прокуроры мүдделі органдар арасында олардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған меморандум жасасуды ұсынды.
Ағымдағы жылы прокурорлардың араласуымен 251 кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды. Олардың пайдасына 70 млн теңгеден астам алимент өндірілді.
Сондай-ақ сот орындаушыларынан жұмыс орнын жасырған 1 261 борышкер анықталды. Барлық осы адамдар бойынша жалақыдан қарыздарды өндіріп алу басталды.
Негізсіз тоқтатылған және қысқартылған атқарушылық құжаттар бойынша 27 млн теңгеге іс жүргізу қайта жандандырылды.
Прокуратура органдары балалардың мүдделерін қорғау мақсатында жосықсыз борышкерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Маман тапшылығы – маңызды мәселе
Ұқсас жаңалықтар
Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024