Өкініштісі, кадр тапшылығы кез келген саладағы жүйелі жұмыстың алға басуына кері әсер ететіні сөзсіз.
Қазақстандық жолшылар жыл он екі ай бойы тынымсыз жұмыс істесе де, жол сапасы көңіл көншітпей тұрғаны кімді де болса ойландыруға тиіс. Мұндағы басты себеп – кадрлық дефицит. Қысқаша айтқанда, қара жолдың сапасын тексеріп, кемшілігін анықтайтын мамандардың аздығы. Десе де, «Жол активтерінің сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері кадрлық дефицитті жоюда хәл-қадірінше еңбектеніп жатыр.
Мәселен, жамбылдық жолшылар өңір жастарына жол саласының басым бағыттарын түсіндіріп, жұмыс барысындағы артықшылықтар мен мүмкіндіктерді кеңінен айтып жүр. Өз кезегінде бұл жасөспірімдердің осы салаға деген қызығушылығын оятуда. Нәтижесінде облыс орталығындағы бірқатар мектептердің жас түлектері болашақта осы мамандықты таңдауға шешім қабылдаған.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024