Терең тарихы мыңжылдықтар қойнауынан сыр шертетін Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телерадиоарна өз жұмысын бастады.
Бүгінде аймақ айнасы материалдық-техникалық базасы толық жетілген, облыс аумағына 14 сағат бойы екі тілде үздіксіз хабар тарататын медиаға айналды. Төл өнімнің үлесі – 72 пайыз. Күнделікті 3 мезгіл жаңалықтар қызметі тікелей эфирге шығады.
Аптасына 30-дан аса хабар көрерменге жол тартады. Ауыл тіршілігі, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, шалғайдағы шаруа да телеарна эфирінде. Сонымен қатар ел тарихындағы елеулі оқиғалар мен елге белгілі тұлғалардың таспаға басылған тарихы да телерадиоарнаның алтын қорында.
Сан жылдық тарихында облыс телевизиясының қарашаңырағы әскери саланы барынша насихаттап келеді. Сөзіміздің дәлелі ретінде тұрақты түрде шықып жатқан «Patriot» тележобасын алуға болады.
5513 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор А.Сарсимов «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Құланбаева Гүлбаршын Қайратқызын құттықтап, бөлім командирі полковник Ғ.Кәдірбектің атынан құттықтау қағазы мен гүл шоғын ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024