Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әділетті қоғамның берік тұғыры – «Заң мен тәртіп»

Әділетті қоғамның берік тұғыры – «Заң мен тәртіп»
ҚАЖ
Егеменді еліміздің дамуы – ең әуелі бейбітшілікке келіп тіреледі. Демек, қоғам тыныш болса, ел де соған қарай өркендейді. Ал тыныштықтың кепілі – заң мен тәртіпке бағыну. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Мемлекет басшысының идеясымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидасы Баукеңнің осынау сөзімен мәндес, мағыналас болуы да сондықтан.

– Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стра-тегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті, – деген еді Президент Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында.

Осы орайда Ішкі істер министрлігіне қарасты ҚАЖ комитетінде де тәртіпті қадағалау бағытында ауқымды іс атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, күні кеше аталған комитеттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бижигит Оспанбеков Әулиеата өңіріне арнайы келіп, жамбылдық әріптестерімен кездесті. Әуелі өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жиын өтсе, кейін қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде де «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайту мақсатында кеңес ұйымдастырылды. Оған мекеменің басшы және жеке құрам қызметкерлері қатысты. 

Басқосу барысында Бижигит Сапарымбетұлы қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету арқылы адамда құқықтық сана қалыптасатынын әрі құқықтық мәдениет дамитынын бас айтты. Қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын қатаң сақтау және жеке құрам қызметкерлері арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері жан-жақты сараланған басқосу барысында қызмет атқару кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу, тәртіп пен жауапкершілікті күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді. Ал кеңес қорытындысы бойынша жеке құрамға заңдылық пен тәртіпті қатаң ұстану, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау қажеттігі жөнінде қатаң ескертілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар