Қоршаған ортаны ластағандарға 712 012 теңге айыппұл салынды
- author AR-AY
- 30 қазан, 2024
- 67
Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Нұржан Нұралиевтің баяндамасына сүйенсек, қазіргі таңда «Жасыл ел Тараз» мекемесі тарапынан кәсіпкерлік нысандармен жұмыс жүргізіліп, 1 386 келісімшарт жасалған екен. Олардың 1 137 сі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан кәсіпкерлік нысан. Ал жеке ғимаратта орналасқан 172-сінің өз қоқыс алаңшасы болса, 77 сі көпқабатты тұрғын үйлерге арналған қоқыс алаңдарына тастайды.
Тұрмыстық қатты қалдықтарға келетін болсақ, шаһар бойынша 350 қоқыс алаңы орнатылған. Аталған алаңдар 1 500 қоқыс жәшігімен қамтылған. Бүгінгі таңға қоқыс жәшіктерінің жарамдылығы 85 пайызды құраса, қалған 15 пайызын ауыстыру немесе қалпына келтіру қажет.
Күнделікті тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға 17 арнайы » қоқыс шығаратын техника, басқа да 13 техника жұмылдырылған.
Осы жылдың қазан айында көше бойына құрылыс материалдарын тастаған, қоршаған ортаны ластаған 211 заңбұзушылық анықталып, оның 179-ына ескерту берілсе, 32 сіне айыппұл салынған. Жалпы айыппұл сомасы 712 012 теңгені құраған.
Атқарылған жұмыстарға қаныққан қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил тәртіп сақшыларын тазалықты бірлесе қамтамасыз етуге және айыппұл салу жұмыстарына күш жұмылдыруға шақырды.
Аппараттық кеңес барысында қазына қаржысының игерілуі, жол, тұрғын үй құрылысы сынды өзге мәселелерге қатысты да жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.
Тараз қаласы әкімдігінің
медиа орталығы