Жалпы жобаның негізгі мақсаты – 10-сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамытып, өз идеяларын әлеуметтік жобаларға айналдыру мүмкіндігін беру. Облысымызда өткен іріктеу кезеңіне 110 оқушы қатысты.
Іс-шараға «Beginit Central Asia by inDrive» жобасының координаторы Самат Саяков және «Zhambyl Hub» өңірлік менеджері Айгерім Наурызбекова қатысты.
Жоба координаторы Самат Саяков өз сөзінде: «Біздің мақсатымыз – өз аймақтарында позитивті өзгерістер жасай алатын жасөспірімдерді анықтап, оларға қолдау көрсету. Біз жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесіп, қоршаған ортаны жақсартуға ұмтылудамыз», деп атап өтті.
Іріктеу барысында оқушылар лидерлік қасиеттерін анықтайтын тапсырмаларды орындап, әлеуметтік көшбасшы жобасының біздің өңірде жүзеге асырылып рөлін зерттеді. Олар әлеуметтік жобалар туралы идеяларымен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады. Келесі кезеңге өту үшін қатысушылар тестік тапсырмаларды орындады.
Жобаға өткен оқушыларды білім беру модулі күтіп тұр. Онда олар әлеуметтік көшбасшылық негіздерін үйреніп, өз өңірлеріндегі өмірді жақсартуға бағытталған жобалар әзірлейтін болады. Сонымен қатар «Astana Hub» инновациялық орталығына бару мүмкіндігі де беріледі.
– «Zhambyl Hub» – бұл өңірдің IT-қоғамдастығын дамыту орталығы. Біз түрлі тегін білім беру жобаларын ұйымдастырып, питчингтер, воркшоптар, хакатондар өткіземіз. Стартаптарды іске қосуға көмектесеміз және IT, бизнес пен мемлекеттік ұйымдар арасында ынтымақтастық орнатудамыз. «Beginit» жатқанына қуаныштымыз. Бұл біздің балаларымызға өздерін көрсетуге, арман мақсаттарын жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік, – деді «Zhambyl Hub» өңірлік менеджері Айгерім Наурызбекова.
«Beginit Central Asia by inDrive» жобасы мектеп оқушыларына әлеуметтік лидерлер қауымдастығына қосылып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Жобаның үздік финалистері inVision U университетіндегі «Foundation Year» бағдарламасына шақырту алады және шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Өткен маусымның нәтижесінде 800-ден астам өтінімнің ішінен 37 оқушы финалға өтіп, түрлі жеңілдіктерге ие болған болатын.
А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ