Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Белсенді азаматтар марапатталды

Белсенді азаматтар марапатталды
А.Қартабай
Ұлттық мереке қарсаңында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты марапаттады.

Салтанатты іс-шараны филиал төрағасы құттықтау сөзбен ашты.

– Бұл мерекенің халқымыз үшін тарихи маңызы зор. Осыдан 34 жыл бұрын Ел егемендігі туралы декларация қабылданып, тәуелсіздігіміздің бастауы болды. Декларация арқылы Қазақстан өзінің дербестігі мен аумақтық тұтастығын бүкіл әлемге жария етті. Ұлттық мереке – Республика күні ел күнтізбесінен ойып тұрып орын алды дей аламыз. Мемлекет басшысы 2022 жылы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында 25 қазанды еліміздің басты мерекесі ретінде атап өту жөнінде бастама көтеріп, тиісті заңға қол қойған болатын. Осылайша елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы қайта жаңғырып, ұлы мерекені үшінші рет жаңаша атап өтудеміз. Осы жылдары еліміздің бір бөлігі ретінде қасиетті Әулиеата өңірі де толағай табыстарға қол жеткізуде. Көптеген әлеуметтік нысан, тұрғын үйлер салынып, инфрақұрылым мәселесі шешілуде. Әрине, мұндай жұмыстарға «AMANAT» партиясының, оның ішінде сіздердің де қосқан елеулі еңбектеріңіз бар. Бұл – мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың нақты нәтижесі. Әрбір партия мүшесі Президент бастамаларын әрі қарай да іске асыруға атсалыса береді деп сенемін. Баршаңызды елдіктің еңселі мерекесімен құттықтай отырып, еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен береке, бақ-дәулет, ырыс-ынтымақ тілеймін. Бұл мереке ортақ мақсатқа жету жолындағы мызғымас бірлігіміздің ұйытқысына айналсын. Ел іргесі бүтін, халқымыз аман, елдігіміз » ғұмырлы болсын, – деген Дауыл Ынтықбайұлы марапат иелеріне грамоталарын табыс етті.

Нақтырақ айтсақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ ректоры, қоғам қайраткері Батырбек Құлекеев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды.

Сонымен қатар облыс дамуына үлес қосқан кейбір белсенділер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ еңбегі еленгендер «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен, партияның облыстық филиалының Құрмет грамотасына ие болды.

Салтанатты жиын соңында бірнеше белсенді азамат партия қатарына қабылданды. 

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар