Ғалым Исабайұлының сөзіне сүйенсек, облыс бойынша отын-энергетика кешендерінің 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары мерзімінде аяқталып , жылу беруге толық дайындалған. Жылыту маусымына дайындық және маңызды науқанды ойдағыдай өткізу бойынша облыстық штаб құрылған. Дайындыққа қатысты 8 штаб отырысы өткізілсе, жылыту маусымы кезеңінде 6 штаб отырысын өткізу жоспарланған.
– Отын-энергетика кешендері арқылы жылдық 1,250 миллиард текше метр тауарлық газ көлеміне маусымдық шарттар жасалды. Кәсіпорындардың резервтік көмір қоры – 1 240 тонна. Тарқатып айтсақ, «Шу-Жылу» кәсіпорнында – 610, «Жамбыл-Жылу» мекемесінде – 600, «Таразтрансэнерго» кәсіпорнында – 10, «София» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 20 тонна көмір қоры бар. Сондай-ақ нормативтік резервтік мазут қоры – 15 000 тонна. Атап айтқанда, «ЖГРЭС» акционерлік қоғамында – 12 744 тонна, «ТЭО» акционерлік қоғамында – 1 865, «Игілік» мемлек еттік к омм уналдық кәсіпорнында – 485, «Жамбыл-Жылу» мекемесінде 345 тонна мазут қоры дайындалды . Бұдан бөлек ҚР Энергетика министрлігінің тарапынан облысқа 23,4 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінді. Моно және шағын қалалардың орталық қазандықтарын 20,8 миллион текше метр табиғи газбен және 11 966 тонна мазутпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен тиісті қаржы қарастырылды. Бүгінгі таңда Жаңатас қаласының орталық қазандығына қазан айында әкелінуі тиіс 2 000 тонна мазуттың 950 тоннасы жеткізілді, – деді Ғ.Исақов.
Спикердің айтуынша, облыста 9 негізгі жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандық бар. Осы арқылы 1 737 әлеуметтік нысан мен 1 646 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз е т і л е д і . Қ о л д а н ы с т а ғ ы нормаларға сәйкес сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8 градусқа тең немесе одан төмен болған жағдайда жылыту маусымы басталуы керек.
Тараз қаласы әкімінің өкіміне сәйкес әлеуметтік маңызы бар нысандарға өздерінің сұраныстары негізінде 7 қазаннан бастап жылу беру басталыпты. Қала бойынша жылыту маусымы 15 қазаннан басталады.
– Облыстағы әр аудан өздерінің жергілікті сыртқы ауа температурасын негізге ала отырып, осы жылдың 10- 15 қазан аралығында жылыту маусымын бастайды. Барлық отын-энергетика кешендерінің диспетчерлік қызметтері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Температуралық кестелері жасақталған. Жылыту маусымы кезеңінде бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары үшін жоспарланған 61,3 мың тонна көмірдің 52 мың тоннасы, яғни 85 пайызы жеткізілді. Халық үшін күзгі-қысқы маусымдағы жоспарлы көмір отынын тұтыну көлемі 144,8 мың тоннаны құрайды. Бұл жоспарлы көмір отынын 2025 жылдың сәуір айына дейін жеткізу жоспарланған. Әкімдіктердің ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күнге дейін тұрғындар 55 мың тонна көмірмен қамтылған. Бір айта кетерлігі, облыста көмір сатумен 31 нарық субъектісі айналысса, олардың 25-і өңірлік операторлар. Қазіргі таңда көмір тұйықтарында 13 мың тонна қатты отын бар. Облыс көлемінде көмір тапшылығы жоқ деп айтуға негіз бар, – деген Ғалым Исабайұлы «Шұбаркөл», «Қаражыра» маркалы көмірлерінің бағасы 18-24 мың теңгені құрайтынын жеткізді.
Дәл осы маркалы көмірлер ауылдарға дейінгі қашықтықты ескере келе, жеткізу құны есебімен 21-27 мың теңгеден сатылып жатыр екен. Ал Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын теміржол тұйығы бар нарық субъектілері жоқ. Бұл өңірлердің тұрғындары Тараз және Шу қалаларынан көмір сатып алады.
Брифингте басқарма басшысы облыс тұрғындарына үндеу жолдап, қыс мезгілінде көмірді жоғары бағамен сатып алмас үшін және бағаны тұрақтандыру мақсатында көмірді қазірден бастап ертерек сатып алуды сұрады.
Жалпы облыс бойынша жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауда. 7-15 қазан аралығында жылыту жүйесі толық іске қосылады. Қазіргі уақытта Тараз қаласы бойынша 167 әлеуметтік нысан жылумен қамтылды. Меркі ауданы бойынша 40 білім, 38 денсауық сақтау нысанына, Жуалы ауданында 5 білім, 1 денсаулық сақтау нысанына, Жамбыл ауданында 38 денсаулық сақтау, 45 білім нысанына жылу беріліпті.
А.БЕКЕНҚЫЗЫ