Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік қызметші мінсіз болуы тиіс

Мемлекеттік қызметші мінсіз болуы тиіс
Ашық дереккөз
Жуырда Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда 6 профилактикалық мәселе қаралды. Жиынды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Руслан Шарипов ашып, жүргізіп отырды.

Кеңесте алдымен облыс әкімдігі

денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына жүргізілген жоспарлы тексерудің нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті тарапынан басқарманың жұмысына жүргізілген жоспарлы тексеру барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша тиісті іс-шаралар атқарылыпты. Атап айтқанда, басқарманың 14 мемлекеттік қызметшісінің лауазымдық нұсқаулықтары талаптарға сәйкестендірілген. Сонымен бірге 15 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік тізімдері бекітілген тәртіпте мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің мөрімен куәландырылыпты. Жиында аталған басқарма басшысы мекеменің жауапты мамандары арасында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесі бойынша да түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратынын жеткізді. Кеңесте сондай-ақ Талас және Шу аудандары әкімдері аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкілдері Айман Оңғарова мен Лиза Есмамбетова 2023 жылы және 2024 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндама жасады. Айман Бақытқызы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы бойынша 254 жеке консультативті көмек көрсетілгенін тілге тиек етті.

Елді мекендерде 16 кездесу ұйымдастырылып, «Facebook» әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бойынша 1 тікелей эфир өткізіліпті. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамаларды сақтау бойынша 118 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 51 дәріс пен семинар өткізілсе, интернет-ресурстарда 45 түрлі материал жарияланған. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйін саралау мақсатында мемлекеттік қызметшілермен 2 анонимді сауалнама жүргізіліп, 236 адам қамтылыпты. Сауалнама қорытындысы мемлекеттік қызметшілердің 87 пайызы ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың ұнайтындығын, тікелей басшысы ұжымда тек қана іскерлік өзара қарым-қатынас құруға ықпал ететінін көрсеткен. Сонымен қатар аудан әкімдігінің бөлім басшыларына, Қаратау қаласының және ауылдық округ әкімдеріне, көлік жүргізушілерге мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 24 мемлекеттік қызметші аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, 2 жас қызметшінің ата-аналарына облыс әкімінің алғыс хаты тапсырылыпты. Шу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы Лиза Есмамбетова ауданда белсенді мемлекеттік қызметшілер арасында «Руханият» еріктілер қозғалысы жұмыс істейтінін, жалпы 198 мемлекеттік қызметшінің 65-і еріктілер қозғалысына тартылғанын сөз етті. Еріктілер «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға баспана салу ісіне үлес қосып, жалғызілікті қариялардың үйіне барып, қыста қарын тазалап, отын-суын тасып беріп, тығыз байланыста жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Биыл ерікті мемлекеттік қызметшілер тарапынан әлеуметтік тұрғыдан осал, аз қамтылған 28 отбасыға азық-түлік және басқа да қажеттіліктер бойынша көмек көрсетілген. Бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетресурстар мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыни материалдар жарияланып тұратыны белгілі. Жыл басынан бері осындай сынға іліккен мемлекеттік қызметшіні анықтау үшін мониторинг жүргізілген екен. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2024 жылдың екінші тоқсанында атқарған жұмыстарына талдау жасалған. Осы жұмыстардың қорытындысы туралы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары Сандуғаш Жүзбаева мен Жарқын Тамаев хабарламалар жасады.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында профилактикалық сипаттағы мәселелерді қарау нәтижесінде орындалуға жататын тиісті ұсынымдар хаттамаға енгізілді

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар