Жалпы Сарысу ауданында 27 мектеп бар. Оның 22-сі орта, төртеуі негізгі, біреуі бастауыш мектеп. 27 мектептің 17-сі типтік, 10-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бір қуанарлығы, ауданда апатты және үш аусымды мектептер жоқ. Барлық мектептер 107 заманауи модификациялық кабинетпен жабдықталған. Сонымен қатар аудандағы 17 (62,9 пайыз) мектеп робототехника кабинеттерінің игілігін көріп отыр. Ал 7 мектепте ІТ-сынып жұмыс істеуде. Білім ошақтарының материалдықтехник алық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Осы орайда биыл Жаңатас қаласындағы Абай және Өндіріс ауылындағы Ж.Отарбаев атындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өтті. Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп салынып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Жаңа оқу ордасының салтанатты ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, ауылдықтарды қуанышымен құттықтады.
– Мемлекеттік қолдаудың арқасында балаларымыз осы оқу жылынан бастап кең, заманауи талапқа сай жабдықталған мектепте білім алатын болады.Жаңа оқу ордасы ұстаздар қауымы үшін де жемісті болады деп сенемін, – деген аудан басшысы Сәкен Мамытов жаңа мектептің құрылысын жүргізген «ҚазМұнайҚұрылыс» компаниясының басшыларына, құрылыс ж ұ м ы с та р ы н а атс а л ы с қ а н ба рл ы қ азаматтарға алғысын білдірді. Айтулы шараға арнайы келіп қатысқан заң ғылымдарының кандидаты, профессор, әділет генералы Болат Сембинге қазақы дәстүрмен ауыл тұрғындарының атынан иығына шапан жапты.Салтанатты сәтте Болат Ажақайұлы сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірсе, мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізген компания басшысы Асылбек Жантаев білім ордасының директорына символикалық кілтті табыс етті. Жаңа мектептің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.Жүздері бал-бұл жанған оқушылар жаңа мектептің табалдырығын қуана аттады. Міне, жаңа оқу жылы Сарысу ауданында осындай жағымды жаңалықпен басталды. Аймақта мектепке дейінгі оқыту және тәрбие жұмыстарына да көптеп көңіл бөлінуде. Айта кету керек, ауданда мектепке дейінгі 24 мекеме жұмыс істейді. Ондағы 11 балабақшада 1 472 бала, 13 шағын орталықта 452 бала, барлығы 1924 бала тәрбиеленуде. Жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектерді саламатты өмір салтына баулу да маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде ауданда 5 спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 2 724 спортшы спорттың 19 түрінен тұрақты түрде үйірмелерге қатысуда.
Ал олардың шеберліктерін 80 жаттықтырушы шыңдауда. Жалпы ауданда 257 спорт нысаны бар. Оның ішінде 1 жекеменшік стадион, 2 спорт кешені, 174 спорт алаңшасы, 33 футбол алаңы, 33 спортзал қызмет көрсетуде. Биыл 9 елді мекенде, атап айтқанда, Саудакент, Ә.Бүркітбаев, Маятас, Қызылдихан, Ұ . С ы зд ы қ ба е в , Ұ й ы м , Ж а ң ата л а п , Жайлаукөл, Арыстанды ауылдарында 91,3 миллион теңгеге футбол, волейбол және «Стрит воркаут» алаңшаларын орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданда 10,1 мың адам қатысқан 135 спорттық іс-шара өткізіліпті. Жергілікті спортшылар республикалық, облыстық және аудандық жарыстарда барлығы 434 медальға ие болған. Медальдардың 123-ы алтын болса, 131-і күміс. Сонымен қатар қоржында 180 қола бар.
Әрине, бұл ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш. Ұ л т т ы қ р у х ы м ы з д ы н ы ғ а й т уд а мәдениет саласы мамандарына артылған жауапкершілік жүгі жеңіл емес. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында мәдениет саласында барлығы 74,5 мың адам қатысқан 1 838 мәдени іс-шара өткізілді. Сонымен қатар кітап қорын молайту, оқырмандарға рухани азық сыйлау бағытында да тындырымды тірліктер атқарылуда. – Қазіргі таңда аудандық кітапханалардағы кітап қорының жалпы саны 452 899 дананы құрайды. «КАБИС» және «РАБИС» бағдарламасына енгізілген дерекқор – 440 135 дана. Халыққа қызмет көрсету мақсатында қалалық және ауылдық кітапханаларда 3 «Коворкинг» және 21 цифрлық ақпараттық орталық жұмыс жасайды. Аталған орталықтарда «e.gov.kz» порталы арқылы жыл басынан бері 2 339 электрондық анықтама берілді. Б и ы л 4 5 , 1 м и л л и о н т е ң г е г е Ұ.Сыздықбаев ауылындағы кітапхана ғимаратына және Шығанақ, Досбол ауылдарының клуб үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Ақтоғай ауылында жеке азаматтан ғимарат сатып алынып, кітапхана ретінде пайдалануға берілетін болады, – дейді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова. Еліміздің болашағы білімді де тәрбиелі жастардың қолында. Бұл тұрғыда өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуы жолында мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалуда. Жаңа білім ошақтары салынып, спорт мектептері бой көтеруде. Мәдениет үйлері мен кітапханалар да аянып жатқан жоқ. Бұдан бөлек мектептен тыс мекемелердің де атқарып жатқан жұмысы жетерлік. Міне, осы бағыттағы оңды істер Сарысу ауданында да өз нәтижесін беруде. Өңірлердің өсіп-өркендеуінде мемлекеттік бағдарламалар мен жарқын жобалардың тигізіп жатқан шарапаты мол. Бұл тұрғыда Сарысу ауданында да игілікті істер атқарылуда. Соның нәтижесінде аудан орталығы – Жаңатас қаласы жаңғырып, ауылдық округтер де ажарланып келеді.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ