Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нақты іс нәтижеге бастайды

Нақты іс нәтижеге бастайды
Ашық дереккөз
Өңірлердің өсіп-өркендеуінде мемлекеттік бағдарламалар мен жарқын жобалардың тигізіп жатқан шарапаты мол. Бұл тұрғыда Сарысу ауданында да игілікті істер атқарылуда. Соның нәтижесінде аудан орталығы – Жаңатас қаласы жаңғырып, ауылдық округтер де ажарланып келеді.

Биылғы 8 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55 миллиард 401,9 миллион теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар қаңтар-тамыз айларында 23 миллиард 499 миллион теңгеге жеткен. Құрылыс саласындағы нәтижелер де көңіл қуантады. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 14 миллиард 532,4 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 171,3 пайыз деңгейінде қалыптасты. Осы орайда айта кету керек, ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда. Мысалы, аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі қаңтар-тамыз айларында 9 632 шаршы метрді құраған.

Жалпы Жаңатас қаласында 99 көпқабатты тұрғын үй (6 537 пәтер) бар болса, 22-сі коммуналдық меншікте. Тағы 1 тұрғын үй «Еврохим» ЖШС-ның теңгерімінде, Кондоминиум обьектілері ретінде 76 тұрғын үй тіркелген. Былтыр Жаңатас қаласындағы 2-ықшамаудандағы бос тұрған №32 көпқабатты тұрғын үйге 159,5 миллион теңге бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары ба с т а л д ы . Ж о ба ө т п ел і н е г і зд е болғандықтан тиісті жұмыстар жалғасын табуда. Осы мақсатта биылға 496,7 миллион теңге қаралып, игерілуде.Жаңатас қаласының әкімі Ильяс Домалақовтың айтуынша, бүгінгі таңда шаһарда коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1 581 азамат есепте тұр. Олардың ішінде 16 азамат жетімдер санатында болса, 358 тұрғын көпбалалы отбасы қатарында.

Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы 650 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелсе, 557 тұрғын бюджеттік мекеме қызметкерлері. Осы орайда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға 2 миллиард 675,7 миллион теңге бөлінген. К е з е к т е т ұ р ғ а н а з а м а т т а р д ы баспанамен қамту бойынша Жаңатас қаласы 2- ықшамаудандағы 60 пәтерлі бос тұрған №33 көпқабатты үйді коммуналдық меншікке алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Т ұ р ғ ы н ү й л е р д і ж а ң ғ ы р т у жұмыстарында да ілгерілеушілік бар. Биыл 12 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттік кредит ретінде республикалық бюджеттен 409,9 миллион теңге қаржы бөлініпті. Соған сәйкес 1-ықшамаудандағы №16, 20, 21, 22, 24 үйлер, 3-ықшамаудандағы №23/1, 23/2, 26, 52 38 үйлер, 5-ықшамаудандағы №9 үй, 6-ықшамаудандағы №15 үй бір жаңарып қалатын болды.

– Бюджеттік кредит түрінде бөлінген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыратын және бөлінген қаражаттың қайтарылуына мониторинг жүргізуді, бақылауды қамтамасыз ететін мамандандырылған уәкілетті ұйым (оператор) ретінде «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Жаңатас-СуЖылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны белгіленді. Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстар таныстырылып, меншік иелерінің бірлестігін құру бойынша әр үйден төраға, төрайымдар сайланды.Барлық үйдің тұрғындарынан келісімдері алынған. Бүгінгі күні жұмыстар басталды, – деді Жаңатас қаласының әкімі И.Домалақов. Экономиканың қарқынды дамуының негізі өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. Шаһардың әлеуметтікэкономикалық дамуы халық саны мен жұмыс орындарының көбеюіне тікелей әсер ететіндігі сөзсіз.

Ал өндіріс көлемі ұлғайған сайын инфрақұрылым жүргізу мүмкіндігі де арта түседі. Осы орайда айта кету керек, қазіргі таңда қалада 5 ірі өңдеу өнеркәсібі тұрақты жұмыс істеуде. Нақты тоқталсақ, «Қазфосфат» тау-кен өңдеу кешені, «Еврохим», «Асыл тұз» соляная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Жарас» мұнай өңдеу, «Тараз көлік жолы» асфальт өндіру зауыттары жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтып қана қоймай, қазынаға да қомақты салық түсімдерін құюда. 2024 жылдың 6 айында аудан бойынша өндірілген өндіріс көлемі 40 651,2 миллион теңгені құрады. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қала бюджеті 1 266 858,0 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Жартыжылдық қорытындысымен игерілген қаржы көлемі – 388 958,0 мың теңге. Салықтық және салықтық емес түсімдерден түскен кірістер бөлігі 175 836,0 мың теңгеге орындалды. Бүгінде салық түсімдерінің артуына байланысты Жаңатас қаласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылдың өзінде қала аумағында 15 бюджеттік жоба іске асырылды. Мысалы, 2-ықшамаудандағы №6 көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы тірек қабырғасы нығайтылды. Сонымен қатар 3-ықшамаудандағы № 1, 3, 22, 26, 23/5, 50, 51 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті боялды.

Сондай-ақ Бүркітті елді мекеніндегі жасыл белдеуге ағаш отырғызылды. Бұдан бөлек қала бойынша құрғақ ағаштарды кесу жұмыстары атқарылды. 1 миллион 788 мың теңгеге қала бойынша тротуарларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол сияқты «Жаңатас қаласы әкімінің аппараты» ғимаратының жанына төлқұжат орнатылды. Атқарылып жатқан шаруалардың реті мұнымен шектелмейді. 1 миллион 198 мың теңгеге қала бойынша топырақ пен көң тыңайтқыш төсеу жұмыстары атқарылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала көшелерінің дренаждық тесіктеріне торлар орнатылды. Жаңатас-Саудакент бағытындағы жолдың бойына, Жібек жолы, Әулиеата көшелеріне орнатылған жарықшамдар ағымдағы жөндеуден өтіп, паннолар қойылды. 16 миллион 408 мың теңгеге жолдардағы шұңқырлар жамалып, жол сызықтары жаңартылды. 5 миллион 674,5 мың теңгеге жасанды жол кедергілері мен жол белгілері орнатылды. 2 миллион 650 мың теңгеге иесіз жүрген ит және мысықтарды күтіп ұстау жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ 1 миллион 887 мың теңге санитарлық тазалық жұмыстарына жұмсалды. Ал 7 миллион 362,1 мың теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен шатырларына, жеке секторлардағы ү й л е р д і ң қ о р а л а р ы н а ж ә н е аулаларына зиянкес жәндіктерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы да біршама жұмыстар жүзеге аспақ.

Оның ішінде Ы. Алтынсарин, Шоқай датқа, Клачков, Бижанов, Ш. Уәлиханов, Құрманғазы, М.Бәпиұлы, С.Есова, И.Панфилов, Ш.Әлжанұлы, Т.Басенов, А.Порох, Т.Бигелдинов атындағы көшелерді жарықтандыру жоспарланып отыр. Қаладағы саябақтарды, аллеяларды, скверлерді күтіп ұстауға 60 миллион 984 мың теңге қарастырылған. 109 миллион 407 мың теңгеге орталық алаң абаттандырылуда. Сонымен қатар Әулиеата және Сағындықов көшелері, «Балалар» саябағы, 2-ықшамаудандағы №6, 8 көпқабатты тұрғын үйлердің алдары абаттандырылып, жаңа кейіпке енеді. Ә. Молдағұлова көшесіне балалар ойын алаңшасын орнатуға да көңіл бөлініп отыр. «Жол – экономиканың күретамыры» деген сөз бар. Жолдың сапасы жақсарса алыс-берістің де, барыс-келістің де арта түсетіндігі белгілі.

Қазіргі таңда аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 535,4 шақырымды құрайды екен. Оның 410 шақырымы, яғни 76,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы Тоғызкент және Жаңаталап ауылдарына кіреберіс жолдарға 136,5 миллион теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 55,9 миллион теңгеге Тоғызкент ауылының Әубәкіров және Есмырза көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ Шығанақ ауылының Серікбаев көшесін орта жөндеуге 40,9 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда табиғи ауызсумен қамтамасыз етудің де маңызы зор.

Бүгінде ауданда 25 елді мекен болса, соның 24-і инфрақұрылымның игілігін көруде. Яғни Жаңатас қаласы, Саудакент, Жайылма, Маятас, Қызылдихан, Тоғызкент, Досбол, Әбілда, Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл, Ұ.Сыздықбайұлы, Ақтоғай, Ә.Бүркітбаев, Арыстанды, Игілік, Өндіріс, Жаңаталап, Ұйым, Үлкен Көкдала, Үшбас, Шағалалы, Ақтам, Майлыкөл ауылдары ауызсумен қамтылып, көрсеткіш 96 пайызды құрап отыр. Биыл Тоғызкент ауылының ауызсу жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға 86,6 миллион теңге және Саудакент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға 39,2 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр екен.

Сонымен қатар Кіші Көкдала ауылына кешенді блок модульді қондырғысын орнатуға 30,3 миллион теңге қаралыпты. Сарысу ауданында әлеуметтің әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға да басымдық беріліп келеді. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық ж о ба с ы » а я с ы н д а 2 0 2 4 ж ы л д ы ң 1 қыркүйегіне дейін 3 318 адам жұмыс сұрап өтініш білдірген. Ал жыл басынан бері белсенді шаралармен қамтылғандардың саны 2 776 адамды құрапты.

Оның ішінде 54 тұрғын кәсіптік оқумен қамтылса, 1 309 адам бос жұмыс орындарына орналасқан. Әлеуметтік жұмыс орындарына 53 адам, жастар тәжірибесіне 121 адам жолданған. 70 тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болыпты. 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметке сүйенсек, 1 104 жұмыссыз азамат есепте тұр екен. 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек 224 отбасына (1 109 адам) тағайындалған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 140 (797 адам) отбасына, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 84 (312 адам) отбасына берілген.

Мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлік көкжиегінің де кеңеюіне оң септігін тигізуде. Қазіргі таңда аудан бойынша 4 933 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның ішінде 189- ы шағын және орта кәсіпкерлік нысаны болса, 3 006-сы жеке кәсіпкерлер. Сонымен қатар 1 738 шаруа қожалық есепке алынған. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында екінші деңгейлі банктер 1105,5 миллион теңгеге 44 жобаны қаржыландырды.

Ал жеке және шағын кәсіпорындардағы бөлшек сауда тауар айналымы 2 800,3 миллион теңгені құрады. Мемлекеттік бюджетке 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында 6934,1 миллион теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспардың орындалуы 110,4 пайызды құраған. Біз бүгін Сарысу ауданының әлеуметтікэкономикалық дамуына қатысты оңды өзгерістерді өз мақаламызға арқау еттік. Әрине, барлық салада атқарылған жұмыстарды жіпке тізгендей етіп баяндап шығу әсте мүмкін емес. Бастысы елімізде қолға алынған реформалардың нәтижесі анық байқалады. Жұрт игілігіне бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасын таба беретіндігіне кәміл сенімдіміз.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар