Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жиын-терін науқаны қарқынды жүруде

Жиын-терін науқаны қарқынды жүруде
Ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірасыл Желеубаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Күзгі дала жұмыстарының барысын баяндаған Әбдірасыл Серікұлының айтуынша, 2024 жылы ауылшаруашылығы саласын қолдауға 46,2 миллиард теңге қаржы бөлініпті.

– О бл ы с т ы ң 11 м ы ң н а н а с а ауылшаруашылығы тауар өндірушісіне 18,3 миллиард теңге субсидия төленді. Сондайақ қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1 045 агроқұрылымға 15,2 миллиард теңге несие берілді. 2024 жылдың 8 айында ауылшаруашылығы саласында 204 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 106,5 пайызды құрады. Ау ы л ш а руа ш ы л ы қ тех н и к а с ы н мемлекеттік тіркеу базасында 9,6 мың техника тіркелген. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан қолданыста болғанына 25 жылдан асқан техникаларды 2024-2026 жылдар аралығында есептен шығару туралы тапсырма берілген болатын.

Тапсырмаға сәйкес 3,9 мың техника есептен шығарылып, 3 жылдық жоспар 2 айдың ішінде орындалды. Күзгі дала және өнім жинау жұмыстарына 10 мың ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды. Түгендеу нәтижесінде а л д а ғ ы ж ы л ы а у ы л ш а р у а ш ы л ы қ техникаларының жаңару көрсеткішін 5,5 пайызға жеткізу көзделген болатын. Бүгінгі күнге 368 (359 трактор, 9 комбайн) жаңа техника сатып алынып, жаңару көрсеткіші 6,5 пайызды құрады. Облысқа бөлінген 11,4 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармайдың 6,4 мыңы өңірге жеткізіліп, 4,5 мың тоннасы фермерлерге таратылды. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Өнімділікке оң әсерін тигізетін минералды тыңайтқыштарды егістік алқаптарына енгізу де ерекше назарда. 2024 жылы 332,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна тыңайтқыш ендіру жоспарланған. Бүгінгі күні 311,3 мың гектар алқапқа енгізілді. Тыңайтқыштарды ендіру күзгі дала жұмыстары кезінде де жалғасып, жоспар толығымен орындалады, – дейді Әбдірасыл Желеубаев. Жалпы 2024 жылдың өнімі үшін 626,7 мың гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдары орналастырылыпты. Бүгінге дейін 352,9 мың гектар алқаптағы масақты дәнді дақыл толықтай орылып, 586,4 мың тонна өнім жиналған. Ауа райының қолайлы болуына және фермерлер тарапынан агротехникалық шаралардың мерзімінде жүргізілуі есебінен масақты дәнді дақылдардан алынған орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда гектарына 10 центнерден 16,6 центнерге дейін өскен.

М.ЖАМБЫЛҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар