Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мектепте өткен мәнді кеш

Мектепте өткен мәнді кеш
Ашық дереккөз
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күніне орай Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп - гимназияда «Шындықтың шырақшысы – Шераға» атты әдеби кеш өтті

Тағылымы мол іс-шараға жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, журналист, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Шерхантану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Айнұр Кембаева, зейнеткер ұстаз, ақын Тоймұрат Қожамұратов, қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің ұстаздары қатысты. Ә д е б и к е ш ш ы м ы л д ы ғ ы м е к т е п оқушыларының орындауындағы хормен ашылды. Сонымен қатар «Замандас» драма үйірмесінің оқушылары Шерхан Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» драмасын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ал 10-сынып оқушысы Жасмин Сәрсенбай жазушының «Мылтықсыз майдан» шығармасынан монолог оқыды. Басқосуда сөз алған Көсемәлі Сәттібайұлы қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрген Шерхан Мұртаза туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. – Республикалық «Жас Алаш» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі болып жүргенімде Шерағаның туып-өскен ауылы Талаптыға келгенін пайдаланып сұхбат алған болатынмын.

Сұхбатымыз кеш қызара басталып, қараңғы түскен кезде бір-ақ аяқталды.

Сөйтіп, «Жас Алаш» газетінің бір бетіне «Шамаң келсе шындықты айт» деген тақырыппен сұхбатымыз жарық көрді. Сұхбатта Шерағаңның бала кезінен дана кезіне дейінгі аралықты қамтуға тырыстық. Шерағаң даңқты жазушы болу жолында өзін-өзі жетілдірген ұлы тұлға. Тау тұлғаның артында өлместей мұралары қалды, – деген Көсемәлі Сәттібайұлы жазушымен болған сұхбатынан үзінділер келтірді. Ал Оралхан Әбдірашұлы Шерхан Мұртазаны басқа қырынан танытып, балаларға өте жақын, балажан адам болғанын айтып өтті. – Шерағаң өзінің «Бір кем дүниесінде» «артымнан ұрпақ қалмай бара жатыр» деген еді. Расында, немере-шөбере көрмеді, содан болар, кішкентай бала көрсе елжіреп, өбектеп, бір марқайып қалатын еді. Шерағаң баспасөз қызметінде өте сұсты, мінезді кісі болғанымен к ө ң і л т ұ ң ғ и ы ғ ы н д а қ а р а п а й ы м д ы л ы қ , мейірімділік, сабырлық сынды көркем мінездер ұялап жататын. Сонымен қатар ағамыз өте ұлтшыл кісі болды. Талай-талай мінберлерде ұлттың, ана тіліміздің мәселесін қаузағаны бәрімізге белгілі, – деді Оралхан Дәуіт.

Ал Айнұр Кембаева Шерхан Мұртазаның журналистика саласындағы жанкешті еңбегіне басымдық берді. – Мен үшін Шерхан Мұртаза – әмбебап тұлға. Шерағаңның шығармаларының шырынын сезу деген бір бақыт. Бала кезінен көрген қиыншылық Шерағаңды ұлы тұлға болып қалыптасуға алып келді. Сонымен қатар Шерхан Мұртаза қазақ журналистикасын биік деңгейге жеткізді. Одан бөлек жазған драмалары да ел жүрегінен орын таба білді. Шерағаңның ұстаздық қасиетін де ұмыт қалдыруға болмайды, – деді Айнұр Тұрарқызы.

Іс-шара барысында оқушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, мағыналы әрі мәнді жауаптарға қанықты. Мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нағима Абаханова мен кітапхана меңгерушісі Айткүл Есентаеваның ұйымдастыруымен өткен әдеби кеш соңында ақын Тоймұрат Қожамұратов Шерхан Мұртазаға арнаған арнауын оқып, жиналған қауымның алғысына бөленді.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар