Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

Таразда кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
Ашық дереккөз
1 қазаннан бастап Тараз қаласы, Төле би көшесі, 89 Г мекенжайында орналасқан №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекшілік кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін Абай көшесі, 232 мекенжайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші болған. 1 қазаннан бастап ол әдеттегі қызмет көрсету кестесіне көшеді, яғни жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00- ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Әдеттегі кестемен ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары: Қойгелді көшесі, 158А және Төле би көшесі, 198а. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалының баспасөз қызмет

«Азаматтарға арналған үкімет»

Мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша

филиалының баспасөз қызмет

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар