Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАС БУЫНҒА ЖІГЕР БЕРГЕН – «JASSTAR FEST»

ЖАС БУЫНҒА ЖІГЕР БЕРГЕН – «JASSTAR FEST»
ашық дереккөз
ЖАС БУЫНҒА ЖІГЕР БЕРГЕН – «JASSTAR FEST»
Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Халықаралық жастар күніне орай Тараз қаласының жастары арасында «JasStar Fest» атты фестивалі өткізілді. Іс-шараны облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Фестиваль қала жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстанып, командалық жұмыс істеуге үйрету мақсатында өткізілді. Ұйымдастырушылар спорттық жарыстарды пайдалана отырып, қала жастарының арасында өзара байланыс орнатып, белсенді дамуға бағытталған орта құруды көздейді. Фестивальге 14-29 жас аралығындағы жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындарының студенттерінен, жайдарманшылардан және Тараз қаласының волонтерлерінен құралған 17 команда қатысты. Команда құрамы 5 адамнан тұрды. Фестиваль Streetball, футбол және түрлі тимбилдинг ойындары кезеңдеріне бөлінді. Streetball ойыны FIBА-ның ережесіне сай өткізіліп, жарыс ұзақтығы 10 минут болды. Ойын өткізу жүйесін қатысатын командалардың санына байланысты төрешілер алқасы анықтап, балдық жүйемен бағалады. Тимбилдинг ойындары 3 кезеңге бөлінді. Қатысушы к омандалар «Х және О», «Дартс», «Өрмекші» ойындарынан өтті. Әр ойын өз ережелері мен талаптарына сәйкес уақытпен және балдық жүйемен есептелді. Фестиваль қорытындысы бойынша әр кезеңнің үздіктері арнайы дипломдармен марапатталды. Ал топтық қорытынды есеп бойынша, «Қайнар» командасы I орынды, «Парасат» командасы II орынды, «Жайдарман» командасы III орынды иеленді. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, кубоктермен және ақшал ай сыйл ықтармен марапатталды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар