Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына Мақажанов Ернар Әбсейітұлы тағайындалды.

 


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Жебегенов Мақсат Мырзаханұлы облыс активіне өңірлік департамент басшысын таныстырды. 
    Е.Мақажанов 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген, 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2008 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген.
2005-2014 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды, аумақтық Қаржы полициясы департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.
2014-2015 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, 2015-2017 жылдары экономикалық тергеу органдарында қызмет атқарған, аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде бөлім, басқарма басшысы болған.
2017 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысы, Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.
2023 жылдың мамырынан бастап Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі арнаулы атағы бар.
Үлгілі қызметі үшін мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен және мерейтойлық медальдармен наградталған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар