Жаңалықтар
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің түзеу мекемесіне барды
- author AR-AY
- 13 қыркүйек, 2024
- 197
Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіне адам құқықтары жөніндегі уәкілдер барып, осында жазасын өтеуші сотталған әйелдерді ұстау жағдайымен танысты.
Бұл күні ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Дамира Абилханова, Айдана Бекберді сотты болған нәзік жандылармен әңгімелесіп, олардың бірқатарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өз кезегінде Жамбыл облысы бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Берікбол Ұзақұлы жазасын өтеуші әйелдерге қашанда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Келесі мақала