Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Ашық Дереккөз
ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ташкентте өткен «Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму мақсаттары» атты халықаралық форумға қатысып, Қазақстанның ауылшаруашылығы саласындағы әлеуетін таныстырды.

Іс-шараға БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының бас директоры Цуй Дунъюй, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ 32 дамушы елдің, халықаралық ұйымдардың және шетелдік мемлекеттердің өкілдері қатысты.Форумда сөз сөйлеген Ермек Кенжеханұлы Қазақстанда 20 миллиард долларлық ауылшаруашылық өнімдері мен 6 миллиард долларлық өңдеу өнімдері өндірілетінін атап өтті. Азық-түлік қауіпсіздігі барлық негізгі азық-түлік түрі бойынша қамтамасыз етілген. Ауылшаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны 20 пайызды құрайды.

– Соңғы 5 жылда ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі екі есеге өсіп, 5,4 миллиард долларға жетті. Келесі 5 жылда оны 10 миллиард долларға жеткізу мақсаты қойылған. Бұл жетістіктер ауылшаруашылығы технологияларын енгізу, суаруды дамыту және цифрландырумен байланысты. Заманауи сүт фермалары мен ет агрокешендері құрылып жатыр. Бұл – саланы жыл сайын қолдауды арттыруды қоса алғанда, мемлекеттің ұзақ мерзімді ауылшаруашылығы саясатының нәтижесі.

5 жылда ауылшаруашылығына инвестиция екі есеге дерлік өсіп, 2023 жылы 2,2 миллиард долларға жетті. Бұл сектордың инвесторлар үшін тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Глобализация және азық-түлік сұранысының өсуі жағдайында Қазақстанның азық-түлік саласы халықаралық нарықтағы маңызды ойыншы болуы мүмкін, – деді вице-министр.


Сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азияда 2030 жылға дейін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Стратегиялық жоспарды әзірлеуді бастағанын және «жасыл экономика» принциптерін енгізу үстінде екенін қоса кетті.

Форум аясында тақырыптық сессиялар өтіп, өзара тиімді келісімдерге қол қойылды.

Н.БОЛАТҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар