Іс-шараға ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысты.
Екі жолақты туннельдің ұзындығы 840 метрді құрайды. Ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында туннельдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылған. Сонымен қатар нақты уақыт режимінде туннельді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған. Сондай-ақ жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.
Жуырда 100 адам және 15 техниканың жұмылдырылуымен арнайы оқу-жаттығу өтіп, туннельдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды.
«AR-AI»-ақпарат