Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Автопарктер 32 автобуспен толықты

Автопарктер  32 автобуспен толықты
с А.Рысмахан
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық көліктердің паркін жаңалау жұмыстары жалғасын тауып, Тараз қаласында 32 қоғамдық көлік пайдалануға берілді.

Атап айтқанда, тасымалдаушы компания «RashLau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан «Isuzu» маркалы 20 автобус жеткізілді.

Автобустардың ұзындығы 9 метрді, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Төмен еденді автобуста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, сондай-ақ қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары қарастырылған. Жаңа қоғамдық көліктер арқылы тоқтап қалған №13,18 бағыттар қайта жанданбақ.

Сонымен қатар «ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автобус паркі де жаңа автобустармен толықты. «King long» маркалы 12 қоғамдық көлік 81 адамға шақталған. Автобустар №27,16 бағыттағы ескірген көліктердің орнын алмастырады.Серіктестік 20 қыркүйекке дейін тағы да қосымша 5 автобус алып келуді жоспарлап отыр.

Ербол Қарашөкеев халық игілігіне берілген қоғамдық көліктерді жаңарту, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында 112 автобус пайдалануға беріліп, белгіленген меже артығымен орындалды (жоспар – 70 бірлік). Бұдан бөлек жыл соңына дейін тағы 45 автобус сатып алу жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар