Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақорда
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды arainfo.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар