Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

️Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді

️Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді
ultsport.kz
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алға шықса, ал екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді. 

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. 

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстары жалғасып жатыр. Көкпар ойындары бойынша шеңберге ойнаудың алғашқы жұбы алаңға шықты.

Қазақстан құрамасы: 

1. Құрманбек Тұрғанбек
2. Дәулет Айтан
3. Бақытжан Әзімбай
4. Арман Жамалбек
5. Абылайхан Нышанбеков
6. Құлажан Тоғайбаев
7. Елдос Асыл
8. Ернар Жарылқасын
9. Ернат Мәлімбай
10. Ұлан Байтөреев
11. Есжан Құрманбай
12. Әділет Мамыт

Команда жетекшісі - Нұрдәулет Момынов, команданың бас жаттықтырушысы - Ақылбай Манкеев.

Өзбекстан құрамасы: 

1. Jonishev Kurmo
2. Turgunov Azizbek
3. Dushaev Avazbek
4. Mullaboev Otabеk
5. Ergashev Islomjon
6. Ibragimov Akbarjon
7. Rakhimboev Pakhlavon
8. Ibrahimov Murodulla
9. Kunishev Shokhrukh
10. Berkinov Fazliddin 
11. Bekmuratov Azimbek
12. Janishbekov Zoirbek

Команда жетекшісі: Adkhamov Ravshanbek

Команданың бас жаттықтырушысы - Аltaev Баhrом

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар