Үкіметтің 4 қыркүйектегі Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы қаулысы бекітілді. Құжатқа сәйкес, Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяларды реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылды.Туризм және спорт министрлігінде жаңа комитет пайда болды, деп хабарлайды arainfo.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір Туризм және спорт министрлігінде мынадай ведомстволар бар:
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
Туризм индустриясы комитеті;
Ойын бизнесі және лотереяларды реттеу комитеті.
Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу жөніндегі жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шеше алады.
Еске салсақ, бір апта бұрын Туризм және спорт министрі лауазымына Ербол Мырзабосынов тағайындалды.