Қазақстан халқы тілдері күні 2018 жылға дейін 22 қыркүйекте аталып өтетін. Үкімет қаулысымен осымен алтыншы жыл мерекелік дата 5 қыркүйекте тойланады. Ата заңның 7-бабында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі" екені жазылған. Ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мектеп кітапханасы жыл сайын жаңа қазақ тіліндегі көркем әдебиетпен толықтырылып отырады.Мектеп оқушылары көпұлтты. Қазақ тілінің мәдениетін арттыратын негізгі белгі - тілдің тазалығы, сауаттылығы. Осыған орай өткен оқу жылында мектепте “Тіл күндері” апталығы өткен болатын.Бұл үрдіс биыл да жалғасын табады. Мектебіміздегі тілдер күні апталығында әр күнді ір тілге арнаймыз. Қызықты кештер, іс шаралар, флешмобтар өткіземіз. Және сол күні барлық мектеп қызметкерлері, педагогтар, оқушылар сол тілде ғана сөйлейді. Жылына екі рет тіл фестивалін өткіземіз. Бастауыш сыныптарда әр дүйсенбі күні қазақ тілі сабағы әнұран орындаудан басталады.
Алғашында орыс тілінде оқытылатын 1-ші сынып оқушыларының мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымастырылған «Мен ертегі оқимын» атты мектепішілік байқау, бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналардың ықыласы мен қолдауынан соң мектептің дәстүрлі байқауына айналды. Өткен оқу жылында бұл байқау орта буын оқушыларының да қызығушылығын тудыруына байланыста өзге ұлт оқушыларының арасында «Қазақ тілінде оқимыз» байқауы ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер викторинасы өткізілді. Осылайша мектебіміз өзге тілге де құрметпен қарайды. Әрі өз тілімізді басқаларға да дәріптеп, үйрете білеміз.
Гүлнар БЕКБАЛАЕВА
7 мектеп-гимназиясының
“қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінің мұғалімі