Десе де, кейінгі кездері бүгінгі буынның тәрбиесі уыстан шығып бара жатқандай. Тазалық мәдениеті, қоғамдық жауапкершілік қағидасы ұмыт бола бастады. Оған оқушылардың, жалпы жастардың көрінген жерге қоқыс тастап, қоғамдық орындарға бөтеннің мүлкіндей қарап, қиратып кететіні ойландырмай қоймайды. Өзге ел әлемдік өркениетке, ақпараттық технология мен жасанды интеллект дәуіріне ұмтылып жатқанда бізді кейде болмайтын тазалық мәселесі кейін тартып жататыны жасырын емес.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында экономикалық, саяси мәселелермен қатар әлеуметтік проблемаларды да барынша жеткізіп айтты.Әсіресе тазалық мәселесіне айрықша тоқталды. Біраздан бері тазалықтың өзегіне айналып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын жұртты игі іске жұмылдыра алған берекелі бастамаға балап, маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс екенін жеткізді. Және біз, мәдениет саласының өкілдері де бұл игі істің насихатына үлес қосып, қоғамда кең етек алуына, ғұмырының ұзақ болуына біркісідей атсалысқанымыз жөн.
Ендеше «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын барынша қолдап, мүмкіндігінше тәрбие құралына айналдырайық. Тазалық болған жерде – берекенің де салтанат құратыны аян. Ендеше берекеміз бен бірлігіміздің өзегіне айналған тазалықты қанға сіңген қасиет тұтып, еліміздің гүлденуіне тамшыдай болса да үлес қосайық.
Ахметжан ӨЗБЕКОВ,облыстық айтыскер ақындар,
жыршы-термешілер орталығының директоры
Жаңа оқу жылына – жаңа мектептер
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024