Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлт саулығын ойлау маңызды

Ұлт саулығын ойлау маңызды
Ашық Дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында таяу жылдары атқарылуы тиіс маңызды міндеттерді айқындап берді.

Президент өз сөзінде алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды. Олардың қатарында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті біртіндеп арттыруға басымдық беру сияқты маңызды міндеттер атап көрсетілді. Алтыншы бағыт ретінде ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуға басымдық берілді.

Денсаулық сақтау саласында қызмет атқарғандықтан бұл тұрғыдағы реформалар бізге жақсы таныс. Салада атқарылған жұмыс аз емес. Дейтұрғанмен шешімін күткен мәселелер де жетерлік. Президент орын алған олқылықтарды сынға алып, түйткілдердің түйінін тарқату үшін нақты тапсырма берді.Сонымен қатар Жолдауда экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру бағыттарына да айрықша назар аударылды.Жылдың басты құжатында жалпы қоғам өміріне қатысты барлық сала қамтылды. Көкейде жүрген көп сауалға жауап тапқандай болдық. Ендігі кезекте маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бәріміз жұдырықтай жұмылып, атсалысуымыз керек. 

Гулам УМАРОВ, облыстық қан орталығының

директоры, облыстық Қазақстан халқы

Ассамблеясы төрағасының қоғамдық

орынбасары

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар