Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері Жолдауға қолдау білдірді

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері Жолдауға қолдау білдірді
Ашық дереккөз
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет үйінің ғимаратында парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталып, дамудың басты бағыттарын айқындады.

Президент жариялаған бас құжатты өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері де ерекше ықыласпен тыңдады. Тәртіп сақшылары Президенттің әрбір бастамасы егемен елімізді өркендетуге бастайтынын жеткізді. Құқық қорғау қызметкерлері кез келген қылмыстың өтеуі жаза екенін алға тартып, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатыны, кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаятыны – уақыт талабы екенін жеткізді. 

– Қай уақытта да Президент Жолдауының маңызы зор. Себебі, тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуы үшін барлық қажетті шараларды қамтитын құжатта ел болашағын бағдарлап аламыз. Жалпы, заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – баршаның міндеті. Біз, құқық қорғау органдарының өкілдері бұл тұрғыда бар күш-жігерімізді жұмсап, антымызға адалдық танытарымыз хақ. Мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерту мақсатында жұмыла жұмыс істеуіміз қажет-ақ. Сонда ғана Президент айтқандай, көздеген мақсатымызға жету жолында кездескен кедергілердің бәрін жеңеміз», – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Абай Омаров.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар