Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл күннің мұсылман қауымы үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.

Президент өз құттықтауында Ораза айттың рухани тазару, сабырлық, қанағатшылдық, өзара сыйластық пен жанашырлық сияқты құндылықтарды дәріптейтінін жеткізді. Сондай-ақ, отыз күн ораза тұтқан жандардың иманы нығайып, төзімі артып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға ұмтылатынын айтты.

Мемлекет басшысы ата дәстүр мен асыл діннің ел бірлігін нығайтып, қоғамдағы береке-бірлікті арттыруға ықпал ететінін ерекше атап өтті. Биылғы Ораза айт мейрамының Наурыз мейрамымен қатар келуін Президент символдық мәні зор оқиға ретінде бағалады.

Құттықтауда Қазақстан халқының жаңа даму кезеңіне қадам басқаны да айтылды. Ел азаматтары жаңа Ата заңды қабылдап, әділеттілік пен өркендеуге бағытталған жолды таңдағаны атап өтілді.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеп, ел тыныштығы мен амандығын тіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар