Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аграрлық саланың тиімділігі артуда

Аграрлық саланың тиімділігі артуда
Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы ел экономикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, өңірлердің тұрақты дамуында және жұмыс орындарын ашуда маңызды рөл атқаруын жалғастырып келеді. Мемлекет ауылшаруашылығы өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жеңілдетілген қаржыландыру, субсидиялау және басқа да шараларды ұсыну арқылы аталған саланы белсенді түрде қолдайды. Негізгі салалық көрсеткіштер Primeмinister.kz сайты редакциясының шолуында ұсынылған.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығының жалпы өнімі 1,6 триллион теңгеге жетті. Бұл өсім – малшаруашылығындағы өнім көлемінің 3,5 пайызға, өсімдікшаруашылығында өндірістің 3 пайызға артуына байланысты.Тірі салмақта ет өндіру 4,1 пайызға өсіп, 878,7 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 4,8 пайызға артып, 1,7 миллион тоннаны құрады, ал тауық жұмыртқасын өндіру 0,3 пайызға өсіп, 2,1 миллиард данаға жетті. Өңірлер бойынша ең жоғары өсу қарқыны Түркістан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта ірімшік пен сүзбе өндірісі – 16,8 пайызға, өңделген күріш – 11 пайызға, өсімдік майы – 9,3 пайызға, ашытылған сүт өнімдері 5,6 пайызға өсті.Өсімдікшаруашылығында жалпы өнім көлемі 72 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Ерте пісетін көкөніс пен дәнді дақылдар өсімге негізгі үлес қосты.Сонымен қатар азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,4 пайызға артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,7 миллиард теңгені құрады.

Ауылшаруашылығы министрлігі аграрлық сала тиімділігін арттыруға және агробизнес үшін жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар стратегиялық шараны жүзеге асыруда.Малшаруашылығындағы статистиканы нақты көрініске келтіру жұмыстары аяқталды, өсімдікшаруашылығында да осы сынды жұмыстар жалғасуда. Ұлттық статистика бюросымен және облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде 2 миллион мал, 3 миллион тонна сүт есептен шығарылды. Аталған деректер ішкі нарықты реттеу бойынша жоспарлау мен шешім қабылдау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына несие берудің жалпы көлемі алғаш рет 580 миллиард теңгеге дейін жеткізілді.Үкімет жыл басындағы 180 миллиард теңге жеңілдікті қаржыландыруға қосымша – шаруаларға жылдық 5 пайызбен несие беру үшін 400 миллиард теңге тартуға жағдай жасады. Бұл саланың негізгі мәселесі – қаржыландырудың жеткіліксіздігін шешеді. Жеңілдетілген қарыз қаражатының жеткілікті мөлшері диқандарға жоғары өнім алу үшін технологияларды сақтауға мүмкіндік береді.Қарыз алуды жеңілдету үшін қаржыландырудың тағы бір арнасы – өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары тартылды. Неғұрлым икемді салық саясаты мен өтінім берудің ыңғайлылығы арқасында бұл арна қарыз алушылар тарапынан сұранысқа ие болды.

Алты облыс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге 65 миллиард теңге бөлді.Кепіл тапшылығы мәселесін шешу үшін, әсіресе өткен жылдан бері несие беру мерзімінің ұзартылуына байланысты «Даму» қоры арқылы қарызға кепілдік беру тетігі енгізілді. Бұл тетік қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдікпен жабуға мүмкіндік береді.2024 жылдың наурыз айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық тыңайтқыштарды алдын ала субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл – шаруаларды алдын ала отандық арзан тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін жаңа ынталандыру механизмі. Аталған тетік шеңберінде субсидиялау мөлшерлемесі 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде отандық тыңайтқыштарға сұраныс күрт өсті: егер өткен жылы 676 мың тонна енгізілсе, биыл 1,5 миллион тонна енгізу жоспарланған, оның 1,1 миллион  тоннасы сатып алынды.Өнімділікті арттырудың тағы бір маңызды факторы – сапалы тұқым пайдалану. 2024 жылы элиталық сорттарды пайдалану 9 пайызға дейін өсті, бұл – 2023 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға жоғары.Қазақстанда тұқымшаруашылығы мәселелерін жүйелі шешу үшін Ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқымшаруашылығын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды.

Аталған жоспарда селекция және тұқымшаруашылығы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру, ауылшаруашылығы ғылымын заманауи зерттеу әдістеріне көшіру және білім беру бағдарламаларын жаңарту шаралары қамтылған.Құжатта аграрлық ғылымның және селекциялық-тұқымшаруашылығы субъектілерінің материалды-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ тиімді тұқымшаруашылығы жүйесін құру көзделген. Жоспарды іске асыруға 63,4 миллиард теңге бөлінді.Ауылшаруашылығы техникасын лизингке жылдық 5 пайызбен беру мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ үшін қосымша 100 миллиард теңге тарту шаралары енгізілді. Жоспарланған қаражаттың 32,2 миллиард  теңгесі игеріліп, қаржыландырудың жалпы көлемі 450 миллиард теңгеге дейін жеткізілетін болады.Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жылдық 5 пайыз мөлшерлеме бойынша несие беру үшін қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау тетігін енгізді. Бұл тетік қарыз алушылар тарапынан құжаттарды тапсырмай-ақ субсидиялар алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ол көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу үшін қолданылады.Тікелей субсидиялау қағидатын енгізу су беру қызметтеріне де таралды. Енді суармалы су беру  қызметтерін сатып алу шығындарын өтеу тікелей су берушілерге аударым өтінімдерінің тетігі арқылы жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде тауар өндірушілер субсидияларды күту және су берушілерге айырманы төлеу қажеттілігінсіз және арзандатылған құны бойынша суармалы су беру қызметтерін сатып алатын болады. Сонымен қатар тікелей субсидиялау саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. 

Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу үшін инвестициялық субсидиялауда нормативтерді ұлғайту көзделген. Су үнемдеу технологияларын сатып алуға, сондай-ақ суды алу және беру үшін инфрақұрылымды құруға және кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу үлесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды.Тағы бір шара – Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша инфрақұрылымдық жобаларға несие беру үшін қаражат тарту. Тетікте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру көзделген. 100 миллиард теңге сомасына 65 тауарлы сүт фермасын қаржыландыру басталды, бұл жылына 373 мың тонна қосымша сүт өндірісін қамтамасыз етеді.Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2024 жылдан бастап бағдарлама бағыттарды көбірек қамтиды. Енді тауарлы сүт фермалары, суару, көкөніс сақтау қоймалары мен құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар, тағы 8 бағыт қаржыландырылатын болады.

Оның ішінде етті малшаруашылығы кәсіпорындары, жеміс қоймалары, өнеркәсіптік жылыжайлар, ауылшаруашылығы өнімдерін тереңдете өңдеу кәсіпорындары және құсшаруашылығындағы асылтұқымдық репродукторлар бар.Үкімет қайта өңделген өнімнің үлесін өндірілетін шикізаттың 70 пайызына дейін жеткізу үшін Қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын мақұлдады. Оны іске асыруға 372 миллиард теңге бөлу жоспарлануда, оның 150 миллиард теңгесі инвестицияларға және 222 миллиард теңгесі айналым қаражатына жұмсалады.Ауылшаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін арттыру үшін жалпы өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған агробизнес үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі.

Primeminister.kz
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар