Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балаларды ерте қолдау қызметі ашылды

Балаларды ерте қолдау қызметі ашылды
Ашық дереккөз
Кеше Тараз қаласында дамуында бұзылу қаупі немесе даму ерекшеліктері бар балалардың отбасыларын ерте қолдау қызметі ашылды. Орталық мамандарына үш жасқа дейінгі бүлдіршіндердің ата-аналары жазыла алады.

2024 жылдың сәуір айынан бастап «Дара» қоры және «Шеврон» компаниясы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп еліміздің 11 облысында «Мүмкіндіктер уақыты» жобасын жүзеге асыруда. Осыған орай мұндай қызмет қаламыздағы №25 мектеп ғимараты ішіндегі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында ашылып отыр.

– Ерте жас – әрбір баланың дамуы үшін өте маңызды кезең. Бұл жаста ірі және ұсақ моториканың дамуы, ойын, сөйлеу, басқа балалармен қарым-қатынас, өзі туралы, қоршаған орта жайлы алғашқы көзқарасы пайда болады. Өмірдің алғашқы үш жылында қызығушылық, танымдық процестер, өзіне деген сенімділік, басқа адамдарға сенім, қиял сынды бастапқы дағдылар мен қасиеттер қалыптасады.

Бұл қабілеттер мен қасиеттердің барлығы өздігінен пайда болмайды, ересек адамның міндетті түрде қатысуын және жас ерекшеліктеріне сәйкес түзету-дамыту жұмысын жүргізуді қажет етеді. Сондықтан бұл орталықтың балалардың дамуына ықпалы зор және олардың ата-аналарына да қолайлы, – дейді Тараз қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Ұлмира Садырова.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Сұрмерген
Алдыңғы мақала
Сұрмерген

Ұқсас жаңалықтар