Буллингтің бірнеше негізгі себептері бар.Отбасылық тәрбие: Балалар үйде көргенін мектепте қайталайды. Егер үйде агрессия, зорлық-зомбылық немесе қатал тәртіп қалыптасқан болса, бала да сол үлгіні мектепте қолдануы мүмкін.Әлеуметтік статус: Кейбір оқушылар мектептегі өздерінің әлеуметтік статусын арттыру үшін басқа балаларды қорлау арқылы өздерін мықты сезінеді. Бұл әсіресе көшбасшылыққа ұмтылатын балалар арасында жиі кездеседі.Түсінбеушілік және төзімсіздік: Басқа ұлт өкілдері, дене бітімі немесе әлеуметтік жағдайы ерекше балалар көбіне буллингке ұшырайды.Буллинг құрбандары психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан үлкен зиян шегеді.Буллингке ұшыраған балалар көбіне қорқыныш, мазасыздық, депрессия, өзіне сенімсіздік сияқты психологиялық мәселелерге тап болады.Буллинг құрбандары мектепке баруға қорқып, сабақтарға қатыспауы мүмкін.
Бұл олардың оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді.Мұндай жағдайға ұшыраған балалар көбіне өз құрдастарынан оқшауланып, қоғамнан алшақтауы мүмкін. Бұл олардың болашақта әлеуметтік қарым-қатынас орнату қабілетіне кері әсер етеді.Буллингтің алдын алу және оны болдырмау үшін мектептерде буллингтің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Оқушылар мен ата-аналарды буллингтің салдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы ақпараттандыру қажет.Буллингке ұшыраған оқушыларға қолдау көрсету мақсатында психологтар мен кеңесшілердің қызметін ұйымдастыру керек. Сонымен қатар оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту үшін түрлі клубтар мен ұйымдар құру тиімді.Мектептер ата-аналармен тығыз байланыста болып, олардың балалардың мінез-құлқын қадағалауына және қажетті қолдау көрсетуіне жағдай жасауы тиіс.Буллингтің алдын алу мақсатында облысымызда да жүйелі жұмыс атқарылуда.
– Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі өткен оқу жылынан бастап облыс мектептеріне пилоттық жоба ретінде енгізіліп, психология ғылымдарының кандидаты Г.Вероцкаяның «Бестерек» жобасы арқылы облыс психологтарының білімін көтеру қолға алынды.2024 жылы ашылған «Облыстық психологиялық қолдау орталығында» білім алушылар мен олардың ата-аналарына, педагог қызметкерлерге педагогикалық-психологиялық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, кәсіби психологиялық көмек көрсетілетін болады.Сонымен бірге облыс әкімі Ербол Шырақпайұлының тапсырмасымен Сall-орталық жұмысын бастады. Көрсетілген нөмірді теріп, бізге тікелей хабарласуға болады. Біз бірден қолға алып, шұғыл шешім қабылдаймыз, – дейді облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов.
А.Орынбасарқызы,
журналист
Ұстанымы бөлек ұстаз
Ұқсас жаңалықтар
Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады
- авторAR-AY
- 5 қыркүйек, 2024