Атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарлары
- author AR-AY
- 28 тамыз, 2024
- 111
Зронек Чехияның ұлттық энергетикалық саясатының Еуропалық Одақтың мақсаттарына сәйкестігін және климаттық мақсаттарға жету үшін көмір өндіруді азайтудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Дукована мен Темелин алаңдарында жаңа атом блоктарын салу жоспарлары туралы айтты. Одан бөлек атом стансаларын салу мен пайдалануда қазақстандық өнеркәсіпті пайдалану әлеуетін қарастырып отырғанын мәлім етті.Зронек атом энергетикасын қоғамдық қолдаудың маңызын және жаңа атом объектілері үшін орынды мұқият таңдау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар жобалардың экономикалық және техникалық аспектілері, соның ішінде өнеркәсіп пен бизнестің ұзақмерзімді пайдасы, жеткізілім қауіпсіздігі және ықтимал тәуекелдерге төзімділігі талқыланды.
– Біз климатты қорғаудың ұлттық стратегиясымен, сондай-ақ ұлттық энергетикалық саясатпен расталған көміртексіздендіру үрдістерін ұстанамыз және бұл Еуропалық Одақтың мақсаттарына сай келеді. Сонымен қатар қазір әлемде көмір негізіндегі электр энергиясын өндіруді азайтудың экономикалық себептері бар. Сондықтан біз алдағы жылдары қандай энергия көздері қолжетімді болатынын болжауға тырысамыз. Біздің шешімімізге келсек, электр энергиясының шамамен жартысын атом энергиясынан, ал қалған бөлігін жаңартылатын көздерден және газдан алғымыз келеді, – деген Богдан Зронек Қазақстанның дәстүрлі түрде отынмен қамтамасыз ету саласында өте қауқарлы екенін атап өтті.
– Бұл саланы жалғастыру және кеңейту тұрғысынан сіздің ел үшін артықшылық болып саналады. Тұтастай алғанда, биыл қазақстандық өнеркәсіпті пайдалану немесе екі кезеңде де жаңа қуаттылықтарды құру әлеуеті бар деп есептеймін: құрылыс кезеңінде және әлеуетті атомдық блоктарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезеңінде. Бұл – жергілікті өнеркәсіпті пайдалану және сіздердің қазіргі жағдайыңызға және жаңа электр стансасына арналған әлеуетті келісімшарттарға негізделген жеке шешімді құрудың үлкен әлеуеті. Өйткені олар әртүрлі болуы мүмкін. Кез келген зерттеу жобаcы мен объектілердің жұмысынан алынған тәжірибені пайдалану және оны жергілікті жағдайларға қолдану өте орынды. Сондықтан біз көп нәрсені бөлісе аламыз, – деді Богдан Зронек.
АЭС үлкен инвестицияны қажет еткенімен арзан, қауіпсіз және көміртексіз энергиямен қамтамасыз етеді.
– Атом электр стансасының әр құрылысы бастапқы кезеңде айтарлықтай қомақты инвестицияны қажет етеді. Бұл өте жылдам ақша айналымы бар заманауи әлемде оңай емес. Екінші жағынан, ол жеткілікті арзан электр энергиясын және пайдалану кезінде өте төмен өзгермелі шығындарды, сонымен қатар өте ұзақ қызмет ету мерзімін және тұрақты және қауіпсіз өндірісті қамтамасыз етеді, – дейді Б.Зронек.
Айтуынша, бұл таңдау Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің әдістемесіне, атап айтқанда, TR 396: «Атом электр стансаларына арналған ұсыныстардың экономикалық бағалауы» құжатына негізделген.
– Ұсынысты бағалау техникалық және коммерциялық талаптарды, кепілдер мен ықтимал қауіпті ескереді. Ал бағалау нәтижесі өндірілетін электр энергиясының түпкілікті құны болады. 3+ деңгейлі жобаны талап етеміз. Сондай-ақ жоба қауіпсіздік негіздеріне толығымен сай келетін жергілікті шарттардың негізінде, жергілікті атомдық заңнаманың және еуропалық коммуналдық қызметтердің талаптарына толығымен сай келетін реттеуші органдардың талаптарына сәйкес лицензияланады, – дейді ол.
Stan.kz
Балаларды буллингтен қорғау – маңызды мәселе
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024