Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кредиті бар сарбаздар борышын алаңсыз атқаруда

Кредиті бар сарбаздар борышын алаңсыз атқаруда
Ашық дереккөз
Қазір әрбір екінші қазақстандықтың басында несие бары шындық. Әскерге шақырылғандар арасында да екінші деңгейлі банктерге қарыз сарбаздар аз емес. Дегенмен, несие Отан алдындағы борышты өтеуге әсер етпеуі керек. Мәселені заңды түрде шешу үшін сарбаздарға кредиттік демалыс қарастырылған болатын.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадасында борышын өтеп жүрген сарбаздар да кредиттік демалыстарын сәтті пайдаланып жүр.Нұрхатқа 600 мың теңге несие тұрмыстық техника алу үшін қажет болыпты. Сағи да несиеге теледидар алып, әскерге шақырылғанға дейін 50 мың теңге көлеміндегі алғашқы төлемді жасап үлгерген. 

– Отан алдындағы борышымды өтеп бастаған алғашқы айда банктен несие 13 айға тоқтатылғаны туралы хабарлама алдым. Қазір әскери қызметімді еш алаңсыз атқарып жүрмін, – дейді Сағи Жарылқасын.


Нұрхат та алғашында «Несиені енді қалай төлеймін?» деп алаңдағанын жасырмайды.

– Әскерге барудан қорыққан жоқпын. Бірақ, мен үшін кредитімді кім төлеп отырады деп қатты алаңдадым. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімде кредитті уақытша тоқтата тұратындығын айтып, түсіндірді. Қазір оған еш алаңдамаймын. Әскерден оралғаннан кейін оны толық төлейтіндігіме сенімдімін, – дейді Нұрхат Біржан.


Жігіттер тиімді пайдаланып отырған кредиттік демалыс Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды.Аталған бригаданың командирі, подполковник Жәнібек Құранбеков әскери бөлімге жас сарбаздар келген сәттен-ақ олардың несиелерінің бар-жоғын анықтау жұмысы жүргізілетіндігін айтады.


– Содан кейін банктермен бірге сарбаздарға кредиттік демалыс беру жұмыстарын жүргіземіз. Осындай қамқорлықтың арқасында сарбаздар несиесіне алаңдамай әскери борышын сенімді атқарады, – деді Ж.Құранбеков.

Ақтоты Жаңабай 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар