Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Цифрлық нотариат» жаңа мүмкіндікке жол ашады

«Цифрлық нотариат» жаңа мүмкіндікке жол ашады
Ашық дереккөз
Қазақстанда «Цифрлық нотариат» жобасы енгізіліп, азаматтар мен бизнес саласына жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бұл – Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен жобасы. Қазақстан нотариаттық іс-қимылдың осы түрін цифрлық форматқа аударған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі. Бүгінгі таңда сенімхаттың нотариалды куәландыруы тек Франция мен Литвада онлайн режимде қолжетімді.

«Цифрлық нотариат» – бұл нотариалдық қызметтерді электрондық форматта көрсету жүйесі. Бұл жүйе арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар нотариалдық қызметтерді нотариус кеңсесіне бармай-ақ қашықтан ала алады. «Цифрлық нотариаттың» басты мақсаты – қызмет көрсету процесін жеңілдету арқылы уақытты үнемдеу.Жобаның бірнеше маңызды артықшылығы бар. Оның біріншісі – қолжетімділік. Ол дегеніміз, цифрлық нотариат арқылы қызметтерді алу географиялық шектеулерді жояды. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін өте ыңғайлы. Келесі артықшылығы – қауіпсіздік. Электрондық цифрлық қолтаңба және басқа да қауіпсіздік шаралары арқылы құжаттардың түпнұсқалылығын қамтамасыз етуге болады. Және цифрлық форматта жұмыс істеу қағаз құжаттарды сақтау және өңдеу қажеттілігін азайтады.Әділет министрі Азамат Есқараев жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің «цифрлық» бастамалары шеңберінде (оның ішінде «Digital Justice» жобалар портфелі аясында) Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп іске асырғанын атап өтті.

– Егер бұрын сенімхатты рәсімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға «eGov Mobile» арқылы қолжетімді. Ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшада да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» онлайн режімде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді, – деді Азамат Есқараев.


Цифрлық нотариатты пайдалану үшін азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болуы қажет. Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе egov.kz порталында өтініш беру керек. Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы азаматтар нотариалдық қызметтерді онлайн режимде ала алады.

– Қызметтің бұл түрі қызметті алушы үшін өте ыңғайлы деп айтар едім. Ешқайда сабылудың қажеті жоқ. Мұның бәрі онлайн режимде жүргізіледі. Яғни, нотариуста отырып, келісім жасалады. Сол жерде тіркелгені туралы бірден хабарлама келеді. Сондықтан, менің ойымша, бұл қызмет қызметті алушыға да, тіркеуші орган ретінде біз үшін де өте ыңғайлы. Арада еш байланыс болмайды. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің де алдын алудың бірден-бір тәсілі.Видео қоңырау шалынғанда өзіңіздің «WhatsApp» нөміріңізді көрсетесіз. Сондай-ақ, өзіңіздің ЖСН нөмірін көрсетіп, өтінім бересіз. Өтінімді бергеннен кейін сізге нотариус туралы ақпарат шығады. Кейін нотариустан қоңырау күтесіз, – дейді адвокат Бибарыс Патеев.

 


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің артықшылығы ғана емес. «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алушыларға жасалған қолайлылық.ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, өткен жылдың сәуір айынан бастап сенімхаттар, кеңестер мен ерлі-зайыптылардың келісімі сияқты бірқатар нотариаттық қызметтер онлайн форматқа көшірілді.«Клиентті сәйкестендіруді биометрия құралын қолдану арқылы іске асырдық. Бұл сыртқы бейнелері ұқсас адамдарды сәйкестендіруде жіберілетін қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында клиент SMS-код пен ЭЦҚ түрінде қосымша екі кезеңдік аутентификациядан өтеді», деді Бекболат Молдабеков.

 


Әділет министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп eGov Mobile Business қосымшасында заңды тұлғалар үшін онлайн сенімхаттар жобасын іске асыру бойынша жұмысты жүргізуде.Енді заңды тұлғалардың басшыларына өз қызметкерлеріне сенімхаттарды онлайн түрде беруге мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде мұндай сенімхаттар талап етілген жерде көрсету үшін «Цифрлық сенімхаттар» сервисінде қолжетімді болады. Ол үшін заңды тұлғаның басшысы «Заңды тұлғалардың сенімхаттары» бөлімінде «eGov Mobile Bussiness» мобильдік қосымшасында авторизациядан өтуі және сенімхат формасының қажетті жолдарын толтыруы қажет. Электрондық-цифрлық қолтаңба қойылғаннан кейін сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде көрінеді және заңды тұлғаның басшысы мен сенімді тұлғаға қолжетімді болады.Болашақта цифрлық нотариатты одан әрі жетілдіру және дамыту жоспарлануда. Бұл елдегі нотариалдық қызметтердің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

А.Орынбасарқызы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар