Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында Талас ауданының ветеринариялық бөлімінің басшысы Жарқын Қалмаханов баяндама жасады. Спикер жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалау, вакцинациялау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Спикердің айтуынша, биыл ауданда 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Жыл басынан бері жоспар бойынша вакцинация жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.
– Сарып яғни бруцеллез ауруын анықтау мақсатында, 26 000 мүйізді ірі қара, 290 600 уақ мал, 1 200 жылқы, 500 етқоректі мен 1 750 түйеден қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде 2 уақ малдан оң нәтиже анықталды. Ауру жануарлар «ИП Рамазан» мал сою пунктіне өткізіліп, қайта өңдеуге жіберілді.Зертхана қорытындысымен оң нәтиже берген жануарлар комиссиямен оқшауланып және санитариялық союға жіберіліп, әрі қарай қайта өңдеу цехына өткізіледі, – деді Жарқын Әбітайұлы.
Сондай-ақ ауданда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң аясында ит аулау жұмыстары жүргізілуде. Ауданда «iKomek109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес жыл басынан бері 312 қаңғыбас ит-мысық ауланған. Спикердің айтуынша, ауданда қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша күтіп-ұстауға арналған питомник әзірге жоқ. Бірақ Қаратау қаласынан соғылып жатқан питомниктің құрылысы бітуге жақын.
– Кәсіпорынның теңгерімінде барлығы 21 автокөлік бар. Ауылдық округтерде жалпы 110 ветеринариялық маман жұмыс атқарса, оның 30-ы жоғары білімді, 80-і орта білімді.
Қазіргі таңда бес ауылдық округтің ветеринариялық бекеті мал егу, емдеу орнымен қамтылған. Оның төртеуі әкімшілік ғимаратында орналасқан. Екеуі жалға алып отыр. Ауданда мал өлекселерін тастайтын коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде 6 биотермиялық «Беккери» шұңқыры бар. Аудан аумағында 5 елді мекенде 7 Сібір жарасы ошақтарының көмінділері орналасқан. Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған, бетондалған, тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Тұрақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады, – дейді Ж.Қалмаханов.
Сол сияқты кәсіпорын теңгерімінде 3 мал сою алаңы бар. Атап айтқанда, Қаратау қаласы, Ойық, Бостандық ауылдық округтерінде орналасқан.
Ақтоты Жаңабай
Газ тапшылығы қайтсе шешіледі?
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024